ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сентября 2018 | 15:59
Пәтерді қалай таңдау керек - Маманнан 5 кеңес
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауынан кейін елімізде баспана құрылысының қарқыны үдеді. Қазіргі таңда баспана алудың жолы көп, мемлекеттік бағдарламалар да жетерлік. Алайда сол мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген үйлердің кейбірі көп ұзамай қисайып, шатырларынан су ақты. Үйді қалай дұрыс таңдау керек? Ипотекаға үй аламын деген қарапайым азамат бірінші кезекте неге назар аударуы тиіс? Үйдің сапалы немесе сапасыз салынғанын қалай ажыратуға болады? Тengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауынан кейін елімізде баспана құрылысының қарқыны үдеді. Қазіргі таңда баспана алудың жолы көп, мемлекеттік бағдарламалар да жетерлік. Алайда сол мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген үйлердің кейбірі көп ұзамай қисайып, шатырларынан су ақты. Үйді қалай дұрыс таңдау керек? Ипотекаға үй аламын деген қарапайым азамат бірінші кезекте неге назар аударуы тиіс? Үйдің сапалы немесе сапасыз салынғанын қалай ажыратуға болады? Тengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Құрылыс саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар маман Азамат Башаров пәтер алуға ниетті азаматтар үшін үйдің сапасын тексеру мен ажырату бойынша кеңес берді.
1. Құрылыс жұмыстарының барысын шолып шығыңыз
Пәтер алуға ниетті кез келген азаматты оның сапасы қызықтырады. Бірінші кезекте құрылыс жұмыстарының сапасын анықтау керек, ол үшін баспана тұрғызушы компанияның веб-сайтына баса назар аударыңыз. Сайттағы мәліметтерде техникалық сипаттама беріледі және құрылыс жұмыстарының әр сатысында үйді тұрғызуға қандай материалдар қолданылды, сейсмикалық тұрақтылығы қандай екені жазылады. Мысалы, монолит үй болса оған қолданылған қоспалар қай елдерден әкелінді, қалыңдығы қандай, шатырды жабу кезінде қандай құрылыс материалдары қолданылды, соның барлығын біле аласыз.
© pixabay.com
Сонымен қатар, жабық жұмыстардың актісі деген құжат болады, ол қажет болған жағдайда пәтерді сатып алушыға берілуі тиіс, ол құжаттарда құрылыс жұмыстарының барысы толық жазылады және оларды мемлекеттік қадағалау органдары тексеріп отырады. Егер құрылыс компаниясы пәтерін өткізгісі келсе қандай құжатты болса да көрсете алады. Бұл оның ашықтығы мен жұмысының сапасын көрсетеді.
2. Үйдің сейсмикаға төзімділігін растайтын құжаттарды тексеріңіз
Үй таңдауда сейсмикалық төзімділікті тексеру маңызды, әсіресе жер сілкінісі жиі болатын аймақтарда. Мысалы, Алматы қаласында үйлердің сейсмикалық төзімділігін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тексеріп, растап, актілермен бекітеді.
Бұл құжатты сізге басқармадан бөлек компания да ұсына алады немесе техникалық қадағалау органдарының есептерін көруге болады. Ол құрылыс төлқұжатында бар. Оған авторлық және техқадағалау өз ескертулерін жазып қалдырады. Ол құжатты да көрсетуді өтінуге болады. Оның ішінде өндірістік жұмыс журналы да бар.
3. Үйді өңдеу материалдарының сертификаттарын талап етіңіз
Үйдің барлық стандартқа сай тұрғызылғанына көз жеткізген соң үйдің өңдеу жұмыстарына назар салыңыз. Барлық өңдеу материалдарының сертификаты болуы тиіс, соларды көрсетуді талап етіңіз, олар көрсетуге міндетті. Есіктерден бастап едендегі ернеуліктер, ламинат, құрылыстың құрғақ қоспаларымен өңдеу жұмыстарының барлығына жіті назар аудару керек.
Сертификат үлгісі
Олар қандай материалдан жасалған, қандай бренд, бояулары қандай, экологиялық па, құрамында органикалық заттар бар ма, мұның барлығы маңызды. Барлық материалдың экологиялық екенін растайтын сертификаты болуы керек. Олар қауіпсіз болуы тиіс, экологиялық материалдан иіс шықпайды, оны иісі арқылы да ажыратуға болады, ондай материалдар балаларға қауіп төндірмейді.
4. Су жылыту мен вентиляциялық жүйенің жұмысын тексеріп көріңіз
Пәтер ішіндегі жабдықтардың қауіпсіздігіне көзіңіз жетсе, коммуналдық қызметтің жұмысына баға беріңіз. Үйдегі су крандарының жұмысы, унитаз бен су қашыртқысы қалай жұмыс істейді, соны көріңіз. Пәтер бөлмелерінде иіс шықпай ма, ауа алмастыру, яғни желдету жүйесінің жұмысы дұрыс-бұрыстығын тексеріңіз. Вентиляция асүйде де, санитарлық торапта да жақсы жұмыс істеп тұруы керек.
Ыстық судың келу жылдамдығын да тексеріп көріңіз. Кранды ашқаннан кейін ыстық судың қанша уақытта ағатынын тексеріп, хронологиялық өлшеу жасау қажет. Кейін ыстық су үшін 10 текше метрге есеп келуі мүмкін, шын мәнінде оның 7 текше метрі суық су болып ағып, 3 текше метрі ғана ыстық су қолданған болуыңыз мүмкін. Ондай жағдайда жылытатын аралық құрылғылары дұрыс жұмыс істемейді деген сөз. Бұл да өте маңызды элементтердің бірі, себебі оның салдары кейін қалтаға салмақ салғанда білінеді.
5. Жарықтандыру жүйесінің энергия үнемдейтін болғаны дұрыс
Пәтер алар кезде ол үйдегі жарықтандыру жүйесін де тексеру керек. Үйдің кіреберісіндегі жарық үшін ақыны ПИК әр пәтерге бөліп, тұрғындарға төлетеді.
Олар энергия үнемдейтін және автоматтандырылған болуы тиіс, яғни, адам бар кезде ғана жанып, ешкім жоқ кезде өшіп қалуы керек.
Показать комментарии
Читайте также