ПОДЕЛИТЬСЯ
13 июня 2019 | 19:48
Қазақстандықтардың пәтерді жалға алғанда жиі жіберетін қателері
Елімізде пәтерді жалға алушылар мен пәтерін жалға берушілер көп. Әсіресе қалада бұл тиімді бизнеске айналған. Бизнес жүрген жерде түрлі алаяқықтар да кездесуі мүмкін. Оған айғақ БАҚ-та жарияланған риэлтордардың бірнеше адамды алдап, кейіннен қашып кеткені жайлы жарияланған хабарлар. Tengrinews.kz тілшісіне бірнеше жыл еңбек өтілі бар риэлтор Аслан Сәрсенбай пәтерді жалға алғанда алаяқтардан сақтанудың жолдарын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде пәтерді жалға алушылар мен пәтерін жалға берушілер көп. Әсіресе қалада бұл тиімді бизнеске айналған. Бизнес жүрген жерде түрлі алаяқықтар да кездесуі мүмкін. Оған айғақ БАҚ-та жарияланған риэлтордардың бірнеше адамды алдап, кейіннен қашып кеткені жайлы жарияланған хабарлар. Tengrinews.kz тілшісіне бірнеше жыл еңбек өтілі бар риэлтор Аслан Сәрсенбай пәтерді жалға алғанда алаяқтардан сақтанудың жолдарын айтып берді.
Аслан Сәрсенбайдың айтуынша, кез келген адам қалада баспананы жалға алғанда бірнеше мәселеге назар аударуы керек.
Қандай риэлтордан бас тарту қажет?
"Негізі жалға алушы риэлтордан үйдің құжатын сұрауы тиіс. Ол болмаса бірден ұсыныстан бас тарту қажет. Егер бұл құжаттар болмаса риэлторға алдын ала ақшаны жартылай да төлеуге болмайды. Бұл алаяқтың іс-әрекеті. Мұндай жағдайда барлығы құжат, шарт арқылы іске асуы тиіс. Сондай-ақ қазіргі кезде көп риэлторлық қызметті атқарып жүргендер ғаламторда тұрған хабарландырудағы нөмір беру үшін ақы сұрайды. Мұндай риэлторлар да өз жұмыстарын адал атқарып жатқан жоқ. Олар адамдарға жалға беруге арналған пәтерлердің жеке қорлары бар екенін айтады. Шын мәнінде олар нөмірлерді ашық ақпараттық қордан алып жатыр. Ал нағыз риэлтор белгілі бір ақы үшін жалға алушы сұраған үйді тауып және оны көрсетуі тиіс", - дейді ол.
Маманның сөзінше, үйді көрсеткені үшін риэлторға ақы төленуі керек. Бірақ ол шарт арқылы жүзеге асуы тиіс. Оған қоса шартта нақ сома белгіленеді.
"Негізі жақсы қызмет алу үшін риэлтор да жұмысына көп ақы сұрауы мүмкін. Сондықтан қалауыңыздағы үйді тауып бергені үшін риэлтор да қомақты ақша сұрауы мүмкін. Ал егер де олар жұмысы тым аз ақша талап етсе, сондай-ақ оны алдын ала онлайн түрде төлеуді сұраса, оның алаяқ екені айқын. Негізі біздің елімізде риэлторлық қызмет үшін келісім сомасынан ең кемі 1 пайыз алады", - дейді ол.
Келісімшартты мұқият оқу керек
Аслан Сәрсенбайдың сөзінше, үйді жалға іздеп жүргендер риэлторға жүгініп, қызметіне ақы төлеуден бұрын, онымен келісімшартқа отыруы керек. Содан кейін шартты дұрыстап оқып шығу қажет.
"Шартқа қол қоймас бұрын ондағы жазылған мәтінге көңіл аудару керек. Кейбір риэлтор шартта "ақпараттық қызмет" деп көрсетеді және сол үшін ақша алады. Бірақ ауызша басқа да қызметтерді көрсетуіміз мүмкін деп айтуы мүмкін. Шын мәнінде олар төлемді алдын ала сұрап, кейін тек сатылымда тұрған үй қожайынының нөмірін беріп, құтылуы мүмкін. Өйткені келісімшартта солай көрсетілген. Бұл үшін оларға арыздана алмайсыз, себебі шартта көрсетілген қызметті атқарып тұр. Сондықтан келісімшартқа мұқият қарап, көрсетілетін қызметтің тізімін қарап шығу керек. Негізі, риэлтор клиент айтқандай үйді іздестіріп, оны көрсетіп, кейін жалға беру туралы шартты көрсетуі керек. Мінекей осыдан кейін ғана ондай қызметкермен ары қарай келісімге келуге болады", - дейді маман.
Алдын ала төлем жасамыңыз
Маман риэлторға жүгінбей тікелей үй қожайынына жүгінетін кезде де мұқият болу керек екенін айтты. Оның сөзінше, үйді жалға беретін адам сол меншіктің иесі болмауы мүмкін.
"Елімізде әсіресе қалалық жерде бұл проблема да кездеседі. Әсіресе оқу кезеңі басталмай тұрып, ауылдық жерден келетін жастар мен студенттер бірден хабарламалар арқылы меншік иесінен пәтерді жалға алғысы келеді. Бірақ үйді жалға беретін адамның пәтердің иесі болмауы мүмкін. Ол басқа адамдарға жалға беріп, жалған келісімшарт жасайтындары да кезедседі. Ақшаны алдын ала сұрап, кейін ол жасырынуы мүмкін. Мұндай оқиғалар жайлы бізге жүгінетін адамдардан естиміз", - дейді ол.
Сонымен қатар, маман жалға алған пәтердің иесіне бастапқыда бірден алдын ала төлем жасамау керек дейді. Өйткені, үй қожайыны мен жалға алушының арасында келісімшарт болмағаннан кейін, меншік иесі оларды түрлі себептерге байланысты үйден шығуын талап етуі мүмкін. Ал алдыңғы айларға төленген ақшаны нақ дәлелсіз қайтару өте қиын.
Маман мұндай адамдар көбіне қалалық жерде болатыны және бірден үш айға төлем жасауды талап ететінін айтты. Оған қоса, сол үшін жеңілдік жасайды екен. Бірақ мұндай ұсыныстардан сақ болған жөн дейді маман.
Показать комментарии
Читайте также