07 февраля 2020 | 16:19

Қазақстанда баспана тағы қымбаттай ма? Сарапшы болжамы

© Тұрар Қазанғапов

Дәл қазір еліміздегі баспана нарығындағы жағдай тұрақталды. Енді баға айтарлықтай өзгермейді. Сол қалпында қалады - қымбаттамайды да, арзандамайды да. Баспана 2020 жылдың соңында дейін осы көрсеткіште сақталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәл қазір еліміздегі баспана нарығындағы жағдай тұрақталды. Енді баға айтарлықтай өзгермейді. Сол қалпында қалады - қымбаттамайды да, арзандамайды да. Баспана 2020 жылдың соңында дейін осы көрсеткіште сақталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов айтты.

Еске салайық, таяуда Қазақстанның 15 өңірінде пәтер қымбаттағаны хабарланған болатын. Шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін жеткен еді.

Реклама
Реклама

Сарапшы алдағы уақытта баспана бағасы бірқалыпты болатынын айтады.

"Дәл қазіргі баға қымбаттады деп айтуға болмайды. Керісінше, бастапқы нарықтағы және қайталама нарықтағы бағалар тұрақталды. Мұның барлығы ипотекалық бағдарламалардың арқасында. Былтырдың өзінде пәтер сатып алу келісімшарттарының 80 пайызы ипотекалық несиелеудің көмегімен жасалған. "7-20-25", "Баспана Хит" сияқты бағдарламалар септігін тигізді. Сондықтан баспана нарығында бағаны қымбат деп айтуға болмайды, керісінше бұл бағалар халықтың қалтасын қақпайды", - дейді федерация президенті.

Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттады

Ермек Мүсірепов қайталама нарықтағы пәтерлердің 25 миллионға дейін қымбаттағанына қарамастан, баспанаға деген сұраныстың артып жатқанын айтады.

Сарапшы қазіргі уақыттағы бастапқы және қайталама нарықтағы пәтерлердің шаршы метрінің орташа бағасына тоқталды.

"Бастапқы нарықтағы пәтерлер: 1-санат (элита) - 650 000 теңге; 2-санат (бизнес-класс) - 530 000 теңге; 3-санат (комфорт)- 380 000 теңге; 4-санат (эконом) - 260 000 теңге. Қайталама нарықтағы пәтерлер: 1-санат - 580 000 теңге; 2-санат - 430 000 теңге; 3-санат - 310 000 теңге; 4-санат - 200 000 теңге", - дейді ол.

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті инфляция болған жағдайда баспана бағасында сәл ғана өзгеріс болуы мүмкін дейді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram