28 февраля 2019 | 14:42

Ипотеканың алғашқы жарнасын қалай жинап алуға болады

Қазірде ипотеканың өзінен бұрын, алғашқы жарнасы күрмеуі шешілмес проблемадай көрінеді. Тіпті кем дегенде 10 пайыз алғашқы жарнаны жинау көптеген қарапайым отбасы үшін қиын мәселе. "Ары тартсаң өгіз өледі, бері тартсаң арба сынады"деп, жетпейтін азғантай жалақы жалдамалы пәтерге, азын-аулақ азық-түлік пен қазақта жиі болатын тойға кетеді. Не істемек керек, қаржы саласының маманы Күнекей Нұрлан Tengrinews.kz тілшісіне осы тұрғыда бірнеше кеңес ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазірде ипотеканың өзінен бұрын, алғашқы жарнасы күрмеуі шешілмес проблемадай көрінеді. Тіпті кем дегенде 10 пайыз алғашқы жарнаны жинау көптеген қарапайым отбасы үшін қиын мәселе. "Ары тартсаң өгіз өледі, бері тартсаң арба сынады"деп, жетпейтін азғантай жалақы жалдамалы пәтерге, азын-аулақ азық-түлік пен қазақта жиі болатын тойға кетеді. Не істемек керек, қаржы саласының маманы Күнекей Нұрлан Tengrinews.kz тілшісіне осы тұрғыда бірнеше кеңес ұсынады.

         Күнекей Нұрлан,
Реклама
Реклама

қаржы кеңесшісі 

  

Ең алдымен қаржылық мақсатыңызды айқындап алыңыз, нақтырақ айтқанда, сіздің қалтаңыз көтеретін тұрғын үйдің бағасын білу. Оны анықтауда мына ережелерге сүйеніңіз:

Несие бойынша төлем сіздің айлық табысыңыздың 50 пайызынан аспауы тиіс;

Үй алу мақсатындағы жинақ төлемі табысыңыздың 50 пайызынан аспауы тиіс.

Егер сіз жалақыңыздың 50%-нан көбін депозитке салатын болсаңыз, бұл жайлы өмір сүруіңізге біршама кері әсер етеді. Мұндай түбегейлі қаржылық шешім, тәжірибе көрсеткендей, оң нәтиже бермейді, адам қаржылық мақсатына жетпейді, сондықтан осы ережені қатаң ұстану керек.

Егер сіз айына 200 000 теңге табатын болсаңыз, сіз ай сайын 100 000 теңгеден артық депозитке салып тұра алмайсыз, себебі жалақыңызды жаратудың өз әдеті қалыптасқан. Коммерциялық банктердің сайтындағы кез келген кредиттік калькуляторды ашып, ипотекаға шамамен қанша төлейтініңізді есептеп көріңіз. Мысалы, егер сіз 8 000 000 теңге болатын 1 бөлмелі пәтерді таңдасаңыз, алғашқы жарна 10 пайыз - 800 000 теңге. Ал ай сайынғы төлем орташа 18 пайыз мөлшерлемемен 111 111 теңге болады. 200 000 теңге жалақыңызға ипотеканың бұл шарты жарамайды. Сіз 8 миллион теңгеден арзандау пәтер іздейсіз немесе ипотекалық бағдарламасы біршама тиімді болатын басқа банкті қарастырасыз.

Бұл ереже сіздің қаржылай мүмкіндігіңізді бағалауға өте жақсы көмектеседі. Егер бізге алғашқы жарнаға қанша сома керек екенін анықтап алсақ, оны іске асырудың жолына көшеміз.

1-сценарий: отбасылық бюджетке аса әсер етпейтін бірқалыпты жинақтау

2-сценарий - жылдам

Көптеген қазақстандықтың қателігі сол, өз қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды, сондықтан несие төлемін кешіктіреді, қарызға кіріп кетеді. Ипотека таңдағанда мұқият болған жөн немесе арнайы мамандарға, қаржы кеңесшілеріне жүгіну керек. Егер жалақыңыз тұрақты болса, жалақыңыздың өсуіне жағдай болса және қаржылық мақсатқа жету ынтаңыз болса, Қазақстанда несиелік шарттармен үйлі болу мүмкіндігі жоғары.

1. Жалақыңыздың өсуіне күш салыңыз (кәсібилігіңізді көтеріңіз, жұмыс орнын ауыстырыңыз, бастысы құрқол отырмау)

2. Қосымша табыс табу жолдарын іздеңіз

3. Шығындарыңызға абай болыңыз, кездейсоқ сауда кезінде саналы әрекет етіңіз

4. Ай сайын кірістер және шығыстар есебін жүргізіңіз


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram