ПОДЕЛИТЬСЯ
12 октября 2021 | 11:04
Енді қазақстандықтар ипотеканы онлайн рәсімдей алады
Енді қазақстандықтар жаңа портал арқылы пәтер таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім тастап, "Отбасы банк" бағдарламалары аясында үй салушылардан өзіне ыңғайлы пәтер немесе қайталама тұрғын үй сатып ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді қазақстандықтар жаңа портал арқылы пәтер таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім тастап, "Отбасы банк" бағдарламалары аясында үй салушылардан өзіне ыңғайлы пәтер немесе қайталама тұрғын үй сатып ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа жүйе Baspana market деп аталады. Енді бұл жүйе арқылы қазақстандықтар нысан туралы ақпарат алып, қолжетімді баспана санын, оның бағасын біліп, оның жоспарымен таныса алады. Жаңа цифрлық платформада қажет пәтерді таңдағаннан кейін оны брондап, жеке кабинетте статусты қарап отыруға болады.
Егер платформа қолданушысы жаңадан салынған пәтерді сатып алатын болса, жүйеде құрылыс жүргізіп жатқан компания өкілінен кеңес алуға онлайн өтінім бере алады. Ал Baspana market арқылы қайтала тұрғын үй сатып алса, клиент бірден пәтерді "Отбасы банк" арқылы алғанда оны кепілге қоя ала ма, әлде жоқ па - мұны бірден біле алады.
Яғни Baspana market арқылы барлық өтінімді онлайн беруге болады.
"Бүгінде банкте 2 миллион салымшы бар. Оларда болашақта пәтер алу үшін ақша жинап атыр. Олардың бәрі жылжымайтын мүлік нарығындағы әлеуетті сатып алушылар. Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін және уақыт жоғалтпау үшін бір жерде пәтер таңдап, онлайн ипотека рәсімдеуге арналған маркетплейс жасадық. Ол цифрлық қызмет пен адами қарым-қатынасты жақсартатын Phygital-жүйе. Себебі көп жағдайда қазақстандықтар ипотеканы өмірінде бір рет алады ғой, оны толығымен цифрландыру дұрыс емес деп ойлаймыз. Біздің клиенттерге кеңесшінің қолдауы мен бағыты қажет. Baspana market-тегі онлайн-ипотеканың арқасында 10 мыңға жуық қарыз беруді жоспарлап отырмыз", - дейді "Отбасы банкінің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Әзірге онлайн-ипотека - пилоттық жоба, тест режимінде жұмыс істеп жатыр. Ол жаңа пәтер немесе қайталама тұрғын үй алғысы келетін клиенттер үшін қолжетімді. Бұрын ипотеканы рәсімдеу үшін банкке 9 рет бару қажет болса, енді онлайн-ипотеканың көмегімен банкке тек 2 рет бару қажет.
Жаңа жүйені Baspana market порталындағы жеке кабинетте қолдануға болады. Ол жерде клиент кеңесшімен видео арқылы байланысады. Клиент видео арқылы кеңес алып, барлық ақпарат түсіндіріледі. Сосын клиент өзі пәтер іздеп, оны бағалайды. Тұрғын үй бағасы дайын болғаннан кейін оператор несиені рәсімдеуге көмектесіп, оның статусы туралы хабарлайды. Егер банк мақұлдаса, оператор нотариуста сатып алу-сату мәмілесін жасау үшін ыңғайлы уақытын брондауға көмектеседі. Ол кезде клиент өзі келуі керек.
Барлық процесс аяқталғаннан кейін ғана клиент банкке құқығын белгілейтін құжаттарды беруге, содан кейін қарыз шартына және өтеу кестесіне қол қою үшін келеді.
Показать комментарии
Читайте также