РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 мая 2018 | 13:21

Бір пәтер бірнеше рет сатылып жатыр: Бекетаев депутаттардың сауалына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Бекетаев. © Тұрар Қазанғапов Марат Бекетаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев депутаттардың Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қарастыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бекетаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалына берген жауабында айтылады. 


Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев депутаттардың Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қарастыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бекетаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалына берген жауабында айтылады. 

Депутаттар сауалында нотариаттық қызмет 2012 жылы қабылданған Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi ереже бойынша көрсетіліп келе жатқанын, алайда соңғы кездері кейбір салаларда пайда болған ерекшеліктер ескерілмей отырғанын, себебі осы уақытқа дейін бұл құжатқа бірде бір өзгеріс енгізілмегенін алға тартады. 

Олардың мәліметінше, дағдарысқа ұшыраған кейбір құрылыс компаниялары құрылыс объектілеріндегі бос пәтерлер мен бос алаңдарды өз туыстары мен жақындарына, тамыр-таныстарына, тіптен құрылыс материалдарын жеткізбеген өнім берушілер және қызметін көрсетіп үлгермеген субмердігерлерге рәсімдейді. Ал осыдан кейін олар жалған сатып алу және сату шарттарын жасаған. Мақсаттары - өз активін жасыру және жауапкершіліктен сытылып шығу.

"Баюды көксеген кейбір азаматтар бес, он және одан да көп пәтер мен кеңсені және автотұрақ орындарын тегін не арзан бағаға сатып алып, құрылыс аяқталмай жатып нарықтық бағамен басқа азаматтарға сатуды кәсіп қылған. Олар сол құрылыс компаниясының риэлторлары мен бұрынғы қызметкерлері. Мұндай мәмілелер - Цессия шарты бойынша сатылып отырған. Осындай шартпен цедент талап ету құқығын цессионариге тапсырады", - дейді депутаттар.

Ал бұл шарт, депутаттдардың ойынша, біздің заңнамада көзделгенімен, сатушыға салық төлеу міндеті қарастырылмаған және сатушы сатып алушымен келісе отырып, цессия шартында өзі алған ақшадан әлдеқайда аз соманы көрсететін болған.

"Бұл салықтан жалтару мақсатында жасалатын айла. Бос шаршы метрлерді жасыру, тегін немесе арзан бағаға сатып алып, қымбатқа сату түптеп келгенде қаражаттың құрылысқа тиісті мөлшерде жұмсалмауына әкеп соқты. Ақшаның жетіспеушілігі құрылыстарды аяқтауға бөгет жасап отыр. Қаржыны толығымен салған үлескерлер мен салымшылар қосымша ақша салуға мүмкіндіктері жоқ немесе қорқады", - делінген депутаттық сауалда.

Сонымен қатар, депутаттар кей құрылыс компанияларының өздері ашқан нотариалдық кеңселерді пайдаланып, құжат рәсімдеген, бір пәтерді бірнеше адамға сатқан жағдайларын мысалға келтіреді. 

"Нотариустер төлем құжаттарынсыз тіркеген шарттар сатып алушылар үшін бірқатар қиындық туғызып, өз құқығын дәлелдеу үшін сотқа жүгініп жатыр. Бұл ақшаға құныққан алаяқтарға бір пәтерді бірнеше рет сатуға мүмкіндік беріп отыр. 2016-2017 жылдардың өзінде Астана қаласында болған сот отырыстары және қабылданған үкімдер соған куә", - деген депутаттар енді жосықсыз құрылыс салушылар мемлекет бағдарламасын пайдаланып, тағы да тегін пәтер алуы ғажап емес екенін айтып отыр.

Осылай деген депутаттар салынып бітпеген үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды Цессия шартымен сатуға тыйым салуды немесе осындай шарттарға салық салуды, яғни Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Олардың ұсынысы бойынша, ендігіде Ережеге тиісті өзгерістер енгізіп шартты жасау кезінде нотариус сатушыдан міндетті түрде төлем құжаттарын, банк түбіртегін немесе фискалды чекті талап етіп, олардың түпнұсқасын сатып алушыға, цедентке берілуін қамтамасыз етуі тиіс. "Бұл өз кезегінде бір пәтерді бірнеше рет сатылуына 12.04.2018 ЭҚАБЖ МО (7.22.0 нұсқасы) тосқауыл қояр еді және өз активтерін жасырмақ болған құрылыс компанияларына цессия шартымен өз туыстарына рәсімдеуге жол бермес еді", - делінген "Халық коммунистері" фракциясы мүшелерінің сауалында.

Әділет министрі Марат Бекетаев бұл ұсынысты қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. 

"Әділет министрлігі қолданыстағы заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілген ретте, оларды мүдделі мемлекеттік органдардың позицияларын және үлескер болып табылатын мәміле тараптарының
мүдделерін ескере отырып, қарастыруға дайын екендігін хабарлайды", - делінген жауапта.

Сондай-ақ, берілген жауапта депуттар көтерген мәселе бойынша процестің қалай жүзеге асырылатыны түсіндіріледі. 

"ҚР Азаматтық кодексінің 339-бабына сәйкес мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың ол мәмiле бойынша басқа адамға берiлуi немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстырылуы мүмкiн. Кодекстің 341-бабымен егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысатындығы бекітілген. Бұл ретте, Кодекстің 342-бабына сәйкес талап етудi басқа адамға берген несие берушi оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшiн маңызы бар мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi", - делінген жауапта.

Министрліктің мәліметінше, мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған несие берушінің талап ету құқығын басқаға берген кезде нотариус мүлікті меншіктенуге тиесілі екендігін, несие берушінің құқығын растайтын құжаттарды, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзіндіні, құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді талап етеді.

"Осыдан кейін талап ету құқығын куәландыратын құжаттарға талап етуді басқаға беру шартын куәландырғаны туралы белгісі қойылып, жаңа несие берушіге қайтарылады. Объектіні тапсыру актісіне қол қойғанға дейін және олар шарттың бағасын төлеген соң ғана құрылысқа үлестік қатысу шарты шеңберінде кредитордың талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі", - делінген Бекетаевтың жауабында.

Сонымен қатар, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекстің нормаларымен (бұдан әрі - Салық кодексі) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс бойынша салық төлеу міндеттілігі қарастырылған.

"Атап айтқанда, Салық кодексінің 335-бабымен талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылатындығы бекітілген. Жоғарыдағылардың негізінде, қолданыстағы заңнамамен несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың басқа адамға ауысуын санамағанда, құқықтарды талап ету бойынша мәмілелерді жасақтауға шектеулер қарастырылмағандықтан, салынып бітпеген үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды цессия шартымен сатуға тыйым салу шарттық міндеттемелердің жалпы қағидаттарын қайта қарауды қажет етеді", - делінген Марат Бекетаевтың депутаттарға берген жауабында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети