РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 марта 2021 | 10:03

"Алматы Жастары" бағдарламасы басталды: ең маңызды сұрақтарға жауап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Бүгін оңтүстік астана тұрғындары үшін "Алматы Жастарының" төртінші кезеңі басталды. Биыл баспанаға арналған бағдарламада бірқатар өзгеріс бар. Tengrinews.kz тілшісі биылғы "Алматы жастары" туралы маңызды сұрақтарға жауап іздеді.


Бүгін оңтүстік астана тұрғындары үшін "Алматы Жастарының" төртінші кезеңі басталды. Биыл баспанаға арналған бағдарламада бірқатар өзгеріс бар. Tengrinews.kz тілшісі биылғы "Алматы жастары" туралы маңызды сұрақтарға жауап іздеді.

"Алматы Жастары" деген не?

Білмейтін адам үшін алдымен осы сұраққа жауап берген дұрыс болар. Аты айтып тұрғандай, бағдарлама Алматы жастарына арналған. 2020 жылы Алматы қаласының жастарын жеңілдетілген тұрғын заемдарын беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында "Алматы Жастары" қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы іске қосылған.

Бағдарламаға өтінім жібергендер түрлі көрсеткіш (отбасы бар-жоғы, жұмыс өтілі және т.б.) бойынша ұпай жинады. Несие ең көп ұпай жинағандарға беріледі. Былтыр үй алуға берілетін қарыз 13 миллион теңге еді. Биыл несие 18 миллионға артты. Егер өтініміңіз қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 миллионға баспана іздей беруіңізге болады.

Егер жылжымайтын мүлік 18 миллион теңгеден артық болса, асқан сомасын клиент өз қаражатынан өтей алады.

Несие қанша пайызбен беріледі?

2021 жылы бағдарлама шеңберінде тұрғын үй қарыздары келесі шарттармен беріледі:

- Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 миллион теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме - 5 пайыз;
- Бастапқы жарна - 10 пайыз;
- Несиенің максимал мерзімі - 25 жыл;
- Алынатын тұрғын үй - бастапқы және қайталама тұрғын үй;
- "Отбасы банк" АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілікті растау;
- Қамту - 1000 адамнан кем емес.

"Алматы Жастарының" негізгі талаптары қандай? 

- Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс өтілі;
- Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
- 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

"Алматы Жастары" бағдарламасына қатысу үшін несие алушының төлем қабілетін тексеру үшін құжаттар дайындау қажет.

1. Банктен төлем қабілетін тексеруге жолдама
2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат
3. Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік
4. Балаларының туу туралы куәлігі
5. Барлық міндетті төлемдерді көрсетіп (қажет болған жағдайда), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін).
6. Өтініш беруші және барлық отбасы мүшесінің Қазақстанда жылжымайтын мүлкі жоқ (бар) екені туралы анықтамасы;
7. Жұмыс орнынан анықтама
8. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; 

Барлық құжат түпнұсқада ұсынылуы қажет. Өтінімді 10-31 наурыз аралығында жіберуге болады.

Бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Назарларыңызға "Алматы Жастарына" қатысу үшін нұсқаулық ұсынамыз. 

1. 10-31 наурыз арасында www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтінім беріңіз;
2. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде almaty-zhastary.kz сайты арқылы Тұрғын үй басқармасынан жолдама алыңыз;
3. Жолдаманы алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы Банк" АҚ-на несиелік өтінім беріп төлем қабілетіңізді растаңыз;
4. 45 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласынан пәтер табу қажет;
5. Баспанаға бағалау құжатын жасаңыз;
6. Сатып алу-сату шартын жасау үшін және Банктен несие алу үшін 10 жұмыс күні беріледі.

Биыл бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Алматыда тұратын кез келген жас бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Оған қатысатын мамандықтар:

- Медицина қызметкерлері;
- Білім беру қызметкерлері;
- Мәдениет қызметкерлері;
- Спорт қызметкерлері;
- Жоғары оқу орны қызметкерлері;
- Әлеуметтік сала қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері;
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Алматы қаласы Полиция департаментінің сұранысы бойынша, биыл бағдарламаға қалалық құқық қорғау органдары да қосылды.

Тағы бір өзгеріс - биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкері қатыса алады. Мысалы, егер былтыр БАҚ қызметкері ретінде тек журналист қана қатысатын, енді БАҚ-та жұмыс істейтін басқа қызметкерлер де қатысады.

Биыл берілетін сома неге 18 миллион теңгеге артты?

2020 жылдың қыркүйегінде "5-10-20" бағдарламасы басталды. Сондай-ақ биыл қаңтарда біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берілді.

Баспанаға қатысты бағдарламалар пайда болған соң жылжымайтын мүлік нарығында бағалар өскен. Осыған орай бағдарлама шеңберіндегі қарыздың ең жоғарғы сомасы 18 миллион теңгеге дейін көтерілді.

Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 14 миллиард теңге, "Отбасы банк" тарапынан 4 миллиард теңге бөлінеді.

 Жыл соңына дейін "Алматы Жастарының" жаңа кезеңдері бола ма?

Бұл өтінім санына байланысты болмақ. Ол үшін өтінім саны көп болса, кейін тағы кезеңдер болуы мүмкін. Сондықтан, жаңа кезеңдер жөніндегі ақпаратты Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы және www.almaty-zhastary.kz сайтынан бақылау қажет.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети