РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 августа 2019 | 11:23

Таяуда отбасы құрған Садриддин Ахмедов пышақпен қауіпті челлендж бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген, орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) пышақпен қауіпті челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген, орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) пышақпен қауіпті челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл әдісін боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Видеода Ахмедов алманы әуеге лақтырып, пышақпен ортасын кесіп тастайды. 

"Ал батыр ағаларым, достарым, мықты болсаңыздар, қайталаңыздар", - деген Ахмедов осындай челлендж бастады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Естеріңізге салсақ, өткен демалыс күндері 21 жастағы Садриддин Ахмедов әнші Ақбота Құрманғалимен үйленген болатын. Ақбота 2018 жылы 17 жасында КешYou тобының солисі атанып, кейін ұжымнан кетіп қалған. Екі жастың тойы Нұр-Сұлтанда өткен еді. 

Ахмедов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. Тоғыз жекпе-жегінің сегізін Канадада өткізген, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын. 

Енді боксшы келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Монреальда өткізеді. Бұл кеште одан бөлек қазақстандық боксшылар - Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО), Нұрзат Сәбіров (10-0, 9 КО) пен Аман Қазанқапов (0-0-1) рингке шығады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети