РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 января 2020 | 13:45

"Минут сайын қартайып жатыр". Бокс әлемі Головкинді зейнетке жібермек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: reviewjournal.com Геннадий Головкин. Фото: reviewjournal.com

Таяуда америкалық Boxingscene порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің карьерасындағы тоқырау кезең туралы мақала жазған. Материалда тоқыраудың басты себебі Головкиннің жасы екені баяндалған. Жалпы, соңғы уақытта Головкиннің қартаюына қатысты түрлі пікір айтылып жүр: бірі GGG-ді зейнетке жіберсе, басқалары оның әлі жасындай жарқылдап жүргенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі биыл 38 жасқа толатын Головкиннің қартаюына қатысты бокс әлемінде қандай пікірлер айтылып жүргеніне шолу жасады.


Таяуда америкалық Boxingscene порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің карьерасындағы тоқырау кезең туралы мақала жазған. Материалда тоқыраудың басты себебі Головкиннің жасы екені баяндалған. Жалпы, соңғы уақытта Головкиннің қартаюына қатысты түрлі пікір айтылып жүр: бірі GGG-ді зейнетке жіберсе, басқалары оның әлі жасындай жарқылдап жүргенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі биыл 38 жасқа толатын Головкиннің қартаюына қатысты бокс әлемінде қандай пікірлер айтылып жүргеніне шолу жасады.

"Біз сөйлесіп отырғанда, Головкин сәл қартая түсті"

Жақында Boxingscene.com порталында шыққан материалда Головкиннің неге тоқырауға ұшырағанын түсіндірген.

"Боксшылардың көп тоқырауы физика тұрғысынан емес, ментал тұрғысынан болады. Ал Головкин қартайып келеді. Бәрі солай. Жасы - 37-де. Ол жасындай жарқылдап жүрген кезінде тау бөктерлерінде жаттыққан, жоғары прессингпен жұдырықтасатын боксшы", - деп жазған портал.


Фото: ReviewJournal.com

Танымал америкалық бапкер әрі сарапшы Тедди Атластың пікірінше, Головкин реваншта мексикалық Сауль Альварестен басым түскен. Бірақ боксшылар үшінші рет жұдырықтасса, қартайған Головкин жеңіледі деп санайды сарапшы.

"Егер Головкин мен "Канело" үшінші рет жекпе-жек өткізсе, мексикалық жеңіске жетеді. Головкин минут сайын қартайып жатыр. Біз сөйлесіп отырғанда, Головкин сәл қартая түсті", - деді Атлас FightHub TV-ге берген сұхбатында.

"Жеңімпаз аурасын жоғалтты"

Былтыр Boxe Anglaise News басылымы Головкинге ықтимал қарсыластар туралы мақала жазып, оған франциялық Хассан Ндам Нжикаммен жұдырықтасуды ұсынған. Сол кезде портал Головкиннің қартайса да, әлі күш-қуатын жоғалтпағанын мәлімдеген еді.

"Бұл жекпе-жек 2010-2011 жылдары өтуі керек еді. Бірақ тағдыр басқаша болды. Әйтсе де, олар әлі күш-қуатын жоғалтқан жоқ қой? Асықпаңыздар. Әрине, Головкиннің жекпе-жек сайын қартайып жатқаны көзге көрінеді, бірақ ол Нжикамнан бір жасқа ғана үлкен. Бір жағынан Головкин рефлекс және басқа да қасиеттері тұрғыда бәсеңдеді, жеңімпаз аурасын жоғалтты", - деп жазған портал.

Головкиннің соңғы қарсыласы украиналық Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье "қазақстандық боксшы қартайып, тоқырауға ұшырады" деген пікірмен келіспейді.

"Бәрі мүмкін. Барлық боксшы қартаяды. Головкиннің жасы 37-де. Бірақ, меніңше, ол бұрынғыдай қауіпті. Егер Геннадий соққысын тигізсе, әлі де жойқын болады. Пакьяо да 40 жасында жұдырықтасып, жеңіп жүр ғой", - деген еді Розье.


© DAZN

Ал Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс айтуынша, GGG қартайса да, өзін дамыту үшін жаттығуын тоқтатпаған.

"Головкин қартайып келеді, бірақ миы әлі жұмыс істеп тұр. Ең маңыздысы ол өсіп, дами түсуді қалайды. Бұл менің жұмысымды жеңілдетеді, себебі оның өзі бір нәрсені өзгертуге, жақсара түсуге тырысады", - дейді Головкиннің бапкері.

"Әлі "ашпын", боксқа тоймадым"

Таяуда бокс туралы баяндайтын Youtube-арналардың бірі шығарылымын Геннадий Головкиннің карьерасындағы соңғы кезеңге арнаған. 

"Головкиннің карьерасы аяқталуға жақын екенін бәрі түсінеді. Бірақ оның жеңілгенін күтейік - әзірше ешкім оны соққының астына ала алмаған! Бұл Головкиннің Р4Р-рейтингінің көшбасшысы Альваресті жеңгенін көрдіңіздер - осы тұста карьераны аяқтау туралы айтуға болмайды. Егер Головкинді зейнетке жіберсек, Джейкобсты да, Деревянченконы да жіберу керек... Головкинді біреу жеңсе, бәрі "Иә, бұл болды" деп айтса немесе Шеремета Генамен барлық раундты оңай өткізіп шықса, Геннадийге зейнетке кету керек деп айта аламыз. Бірақ бұл жағдай әлі болмады: ол әлі де жұдырықтасып, жақсы жекпе-жектер өткізіп жүр", - дейді арна автор.

"GGG қартайды" деген пікірмен Головкиннің өзі келіспейді, ол әлі боксқа тоймағанын айтады.

"Мен әлі жақсы жүгіремін және өзімді тамаша сезінемін. Өзімді әлі жас сезінемін деп неге айттым? Себебі мен әлі "ашпын", маған әлі бәрі қызық, боксқа тоймадым. Өзімді жас жігіт сезінемін", - деген еді Головкин Ring TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 8 сәуірде Головкин 38 жасқа толады. Қазір боксшы - IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети