РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 марта 2020 | 16:55

"Лас-Вегаста АҚШ құрамасын жеңген". Серік Сәпиевтің ағасы қандай боксшы еді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен аптада Серік Сәпиевтің ағасы, боксшы Бақтай Сәпеев дүниеден өткені хабарланған еді. Ол 67 жасқа қараған шағында көз жұмған. Tengrinews.kz тілшісі Бақтай Сәпеевтің өмірі мен карьерасы туралы дерек жинады.


Өткен аптада Серік Сәпиевтің ағасы, боксшы Бақтай Сәпеев дүниеден өткені хабарланған еді. Ол 67 жасқа қараған шағында көз жұмған. Tengrinews.kz тілшісі Бақтай Сәпеевтің өмірі мен карьерасы туралы дерек жинады.

"Ақжарқын адам болатын"

Бақтай Сәпеевтің туған ағасы Жұмағали Сәпеевтің айтуынша, боксшы 1953 жылы 29 маусымда қазіргі Нұр-Сұлтанда дүниеге келген.

"Бақтай өмірге келген соң үш-төрт жылдан кейін Қарағандыға көшіп кеттік. Содан бері осы жақта тұрып жатырмыз. Бақтайдан бөлек тағы бір інім бар, есімі - Амантай. Бақтай бала кезінен боксқа құмар болатын. Бірінші сыныптан бастап бокс үйірмесіне барды", - дейді Жұмағали Сәпиев.

Оның сөзінше, Бақтай Сәпеев жоғары оқу орнын бітірген соң Қызылордаға көшіп кеткен.

"Бақтай Қарағандыда институтты тәмамдағаннан кейін отбасын құрды. Әйелі диплом алып, бағдарлама бойынша Қызылордада жұмыс істеуі керек болды. Ол кезде олардың кішкентай қызы бар еді. Сөйтіп, Бақтай Қарағандыдағы үйін сатып, Қызылордаға көшіп кетті", - дейді ағасы.

Ол боксшы інісінің ақжарқын адам болғанын айтады.

"Кім өз бауырын жамандасын? Жақсы, ақжарқын адам болатын. Біліп тұрса, үйретуден жалықпайтын. Сондықтан, боксшы ретінде карьерасын аяқтаған соң, Қызылордада қалып, сол жақта бапкер болып жұмыс істеді. Боксшы кезінде көптеген елді аралап шықты. Еуропаны, Американы көрді. Бақтайға ұлым Серік ұқсайды, екеуі де - солақай", - дейді Жұмағали Сәпиев.

"Бақтайды соңғы рет 1980-жылдары көрдім"

Бірақ Жұмағали Сәпеев інісін ұзақ уақыт бойы көрмегенін айтты. Себебі Қарағанды мен Қызылорда арасы жиі қатынасып тұруға мүмкіндік бермейтінін айтады.

"Бақтайды көрмегеніме көп болған еді. Жиі сөйлеспедік те. Жиі хабарласатынмын, бірақ телефоны бұзылып, тұтқадан даусы дұрыс естілмейтін. Жөндеп сөйлесе де алмайтын едік. Соңғы рет 1980-жылдары көрдім. Сол жылдары Ақмоладағы Қазақстан чемпионатына қызылордалық командасын алып келген болатын. Сол кезде көрістік. Одан кейін екеуіміз де өз отбасымызға көбірек көңіл бөліп, көрісе алмай қалдық", - дейді ол.

Жұмағали Сәпеевтің отбасында жалғыз боксшы Бақтай емес. Жұмағали Сәпеев ұлы Серікті де кішкентай кезінен бокс үйірмесіне берген. Нәтижесінде Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Лас-Вегаста АҚШ боксшысын жеңген

Бақтай Сәпеев бала кезінен бокспен айналысқан. ҚазКСР-ға еңбегі сіңген бапкер Қазбек Ашляевтің қоластында жаттыққан. 19 жасында ол КСРО спорт шебері атанған. Келесі жылы КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері болған.

Қарағанды облыстық бокс федерациясының мәліметі бойынша, Бақтай Сәпеев бокстан 1972-1973 жылдары ҚазКСР чемпионатында топ жарған. Ал 1973 және 1974 жылдары КСРО чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс медаль таққан. Бір жылдан соң КСРО чемпионатының қола жүлдегері атанған.


"Коммунизм нұры" газеті. Суретте Бақтай Сәпеев 

1977 жылы ол Достық ойындарына қатысып, турнирдің жеңімпазы болған. Бақтай Сәпеевтің карьерасындағы үлкен жеңістердің бірі Лас-Вегаста өтті. Мұнда Қазақстан мен АҚШ боксшылары матч ұйымдастырған. Сол матчта Сәпеев құрамадағы әріптестерімен бірге жеңіске жеткен.

Бақтай Сәпеевтің жетістіктері:

1972 жылы КСРО спорт шебері

1973 жылы КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері

1972-1973 жылдары ҚазКСР чемпионы

1973-1974 жылдары КСРО чемпионатының күміс жүлдегері

1976 жылы КСРО чемпионатының қола жүлдегері

1977 жылы Достық ойындарының жеңімпазы

1974 жылы Қазақстан - АҚШ матчінің жеңімпазы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети