ПОДЕЛИТЬСЯ
06 августа 2019 | 15:57
GGG қарсыласы Сергей Деревянченко жайлы не білеміз?
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпион атағы үшін Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 5 тамызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі ықтимал.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпион атағы үшін Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 5 тамызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі ықтимал.
Тengrinews.kz тілшісі Головкиннің келесі қарсыласы туралы мәліметтер жинап шықты.
"Астана Арланста" өнер көрсеткенДеревянченко жас боксшы емес. Ол 1985 жылы 31 қазанда Украинаның Феодосия қаласында туған. Бокспен 10 жасында туған қаласында айналыса бастаған.
2005 жылы алғаш рет әйесқойлар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, бірінші айналымда кубалық Эрисланди Ларадан жеңіліп қалған. Екі жылдан соң Чикагодағы әлем біріншілігіне барып, қола медаль жеңіп алады. Бір жылдан соң Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, екінші кездесуінде жеңіліп қалған.
Дегенмен "Техник" деген лақапаты бар боксшы 2009 жылы Миландағы әлем чемпионатында топ жарған. Сол жылы AIBA президенттік кубогын да иеленген.
Деревянченко Astana Arlans сапында. © Украина бокс федерациясы
Деревянченко қазақстандық жанкүйерлерге Astana Arlans сапындағы өнерімен де таныс. WSB-дің үшінші және төртінші маусымында боксшы астаналық клубтың намысын қорғаған. 2012/13 жылғы маусымда Деревянченко "арландармен" бірге финалда "Украиналық Атамандарды" жеңіп, алғаш рет жарыстың жеңімпазы атанды. "Арландар" сапында тағы бір маусым өткізген соң украиналық боксшы кәсіпқой рингке ауысты.
12 жеңіс, 1 жеңілісДеревянченконың кәсіпқой карьерасы 2014 жылы шілдеде басталған. Ең алғашқы қарсыласы америкалық Кромвел Гордон болып, оны техникалық нокаутпен жеңген.
Жалпы, осы бес жылдың ішінде Деревянченко рингке 13 рет шықты. Оның 12-сін жеңіспен аяқтады, 10 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Тек бір рет қарсыласына жол берді - былтыр қазанда америкалық Дэниэл Джейкобстан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Деревянченко мен Джейкобс жекпе-жегі. © twitter.com/MatchroomBoxing
Украиналық боксшы өз жекпе-жектерінің бәрін АҚШ-та өткізген. Ал қарсыластарының ішінде түрлі ел өкілдері бар. Америкалықтардан бөлек, ол Гана, Мексика, Аустралия, Ямайка, Багама аралдары және Германия боксшыларымен қолғап түйістірген. Ең атақты қарсыластары деп аустралиялық Сэм Солиманды, багамалық Туреано Джонсон мен жоғарыда атап өткен Джейкобсты айтуға болады.
"Техник" биыл бір рет жұдырықтасты. Қарсыласы неміс Джек Кулкай болған. Миннеаполистегі кездесуде боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, Деревянченко төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Бұл Джейкобстан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болатын.
IBF жырыIBF белбеуіне Головкин 2015-2018 жылдар арасында иелік етті. Бірақ былтыр тамызда қазақстандық боксшы өзінің IBF титулын Деревянченмен сарапқа салуы керек болған. Бірақ GGG тамызда Деревянченкомен шыққаннан көрі, қыркүйекте Сауль Альвареспен рематч өткізуді жөн көріп, IBF белбеуінен бас тартқан болатын.
Сөйтіп Деревянченко бұл белбеу үшін қазанда Джейкобспен жұдырықтасып, жеңіліп қалғанын жаздық. Ал биыл мамырда Джейкобс "Канелодан" жеңіліп, белбеу мексикалық боксшыға ауысқан.
IBF титулы Альваресте де ұзақ болмады. "Канело" Деревянченкомен сәтсіз келіссөз жүргізіп, ұйым белбеуді мексикалық боксшыдан тартып алған. Осылайша, титул қайта бос қалды. Енді осы титул Головкинге қайта айналып келуі мүмкін. Ол үшін оған Сергей Деревянченконы жеңу керек. Екі тарапқа 4 қыркүйекке дейін бір келісімге келу қажет, әйтпесе промоутерлік сауда-саттық басталады.
The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайердің мәліметі бойынша, Деревянченко Головкинмен кездесу үшін карьерасындағы ең көп гонорар алмақ. GGG-мен жекпе-жек оны 5,5 миллион долларға байытады. Бұған дейін оның ең көп гонорары 500 мың доллар болған еді.
"Меніңше, GGG - әлі жеңілмеген боксшы"Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье Головкинге қарсы үшінші рет кездескелі отыр. Бұған дейін ол Кертис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты Головкинге қарсы дайындаған болатын. Сол екі кездесуде де оның шәкірттері жеңіліп қалған еді. Енді Розье үшінші кезегінде Головкинді ұтуға тырысатынын айтады.
Деревянченконың бапкері Андре Розье. © AKboxing
"Бұл Сергейдің өміріндегі ең үлкен жекпе-жек болады. Бәріміз жұмыла жұмыс істеп, Сергейдің Головкинді жеңуіне қол жеткіземіз деп сенемін. Меніңше, GGG - әлі жеңілмеген боксшы. Әлемдегі көптеген адам секілді ол "Канелоны" екі кездесуде де жеңді деп ойлаймын.
Головкин ғажайып боксшы, Сергей де жаман емес, оның жеңіске жете алатынына сенемін. Оның машығы орта дивизион үшін бірегей, ол қателерді өте аз жібереді, әйтпесе Головкин соны пайдаланып кетуі мүмкін еді. (...) Бапкер ретінде Головкинге қарсы екі рет шықтым. Бірақ үшінші жолы басқаша болатынына сенімдімін - Сергей Головкинге қарсы шыққан бұрынғы шәкірттеріме қарағанда бөлек деңгейдегі "жыртқыш", - дейді Андре Розье.
Показать комментарии
Читайте также