РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 августа 2019 | 13:03

"Бұл соғыс болуы керек!". Әлемдік сарапшылар GGG - Деревянченко жекпе-жегі жайлы не деді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. © The Sun Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. © The Sun

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегін тағайындаған болатын. Инсайдерлердің мәліметінше, боксшылар 5 қазанда жұдырықтасуы мүмкін. Кездесу жайлы хабар тараған соң, әлемдік сарапшылар жекпе-жек туралы өз болжамдарын бөлісіп жатыр.


Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегін тағайындаған болатын. Инсайдерлердің мәліметінше, боксшылар 5 қазанда жұдырықтасуы мүмкін. Кездесу жайлы хабар тараған соң, әлемдік сарапшылар жекпе-жек туралы өз болжамдарын бөлісіп жатыр.

Тengrinews.kz тілшісі Головкин - Деревянченко жекпе-жегі жайлы сарапшылардың пікірлерін шолып шықты.

"Головкин - супержұлдыз"

BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичидің пікірінше, Деревянченко Головкинмен 12 раунд бойы жұдырықтасуы мүмкін.

"Бұл жақсы жекпе-жек. Ол DAZN жазылушыларына қызық болады, себебі Головкин - супержұлдыз. Ал Деревянченко - өте жақсы боксшы, ол GGG-ге қарсы 12 раундқа шыдауы мүмкін, бірақ жеңе алмайтын шығар. Оған қарсыластың жасы көмектесуі мүмкін, бірақ ол табыс әкеледі деп ойламаймын", - деді Гемичи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.


Геннадий Головкин. ©REUTERS

"Деревянченконың командасы мақтауға лайық"

Ал vRINGe.com редакторы Святослав Осиповтың айтуынша, Деревянченконың командасы Головкинді "Канелодан" оңайырақ қарсылас деп санаса, қателеседі.

"Деревянченконың командасы мақтауға лайық. Головкинмен алдын ала келіссөз жүргізді. Олардың шарттарын тыңдады. Альварестің командасына гонорарды жеті миллионға дейін өсіруді ұсынды. Олар бас тартып, титулдан айырылды. Головкинге қарсы мүмкіндік көбірек деп ойлады ма екен? Ал мен сенімді емеспін. Иә, жас болғаны ұтымды. Бірақ Альварес бір жыл бойы тізе жарақатымен рингке шығып жүр", - деді Осипов.

"Бұл өте ауыр 12 раунд болады"

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) Boxing Social порталына берген сұхбатында жекпе-жек Головкиннің денсаулығына ықпал етуі мүмкін екенін айтқан.

"Бұл сөзсіз Головкиннің кездесуі. Бірақ бұл өте ауыр 12 раунд болады, ол Головкиннің денсаулығының, өмірлік батареясының бір бөлігін алып қояды", - деді Сондерс.

Деревянченкомен кездесу тағайындалмас бұрын британиялық боксшы Головкинді бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Ол GGG-мен Қазақстанда да жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді.

"Деревянченконы нокаутқа түсіру оңай емес"

Fightnews.com инсайдері Мигель Ангель Марвилла Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкске назар аударды.

"Бұл өте қызық жекпе-жек болады. Бэнкс Головкиннің қай тұсын жақсартқанын көргім келеді. Стив Роллспен кездесуде ерекше өзгерістер байқалмады, бірақ Головкиннің жаңа қадамдарына көзіміз түскен.

Деревянченкомен кездесу нағыз сынақ болары сөзсіз. Оны есеңгірету немесе нокаутқа түсіру оңай емес. Ол мығым боксшы, қиындық туғызуы мүмкін. Головкиннің боксындағы жаңашылдық пен өзгерісті көру одан сайын қызық болады. Бұл оның әлеуетін көрсетеді", - деді Марвилла.


Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко

"Деревянченко Головкиннен бір саты төмен"

Бокс сарапшысы британиялық Майкл Бенсон Головкин мен Деревянченко жекпе-жегінің басты шиеленісін атады.

"Головкинді мықты қарсыласпен көру қызық болады. Роллспен жекпе-жек көптеген сұрақ тудырды. GGG-ге Джонатан Бэнкс қаншалықты әсер еткенін келесі жекпе-жекте көре аламыз. Деревянченко қатардағы боксшылардан емес. Ол кез келгенге қиындық әкеледі. Головкиннен де, "Канелодан" да бір саты төмен, бірақ жақсы айқас көрсете алады. Бұл "Канеломен" трилогия алдындағы жақсы тексеріс болады. Егер GGG мықтылығын көрсете алса, үшінші жекпе-жекке деген қызығушылық еселене түседі", - дейді Бенсон.

"Бұл соғыс болуы керек!"

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей не үшін Деревянченкода мүмкіндік бар екенін айтты.

"Бұл соғыс болуы керек! Бұл көрініс DAZN жазылушыларына қызық болатынына сенімдімін. GGG-дің жасы текетіресті теңестіруі мүмкін. Сондықтан Деревянченкода кішкентай ғана мүмкіндік бар. Ол мықты және машығы мол. Ұпай санымен жеңіп кетуі мүмкін, бірақ бұл болжамның орындалу мүмкіндігі өте төмен. Мен Головкиннің жеңісін таңдаймын, нокаутпен жеңуі мүмкін", - деді Джей.


Сергей Деревянченко © ukrinform.ru

"Бәрі Головкин мен оның дайындығына байланысты"

Деревянченконың бұл жекпе-жекте мүмкіндігі аз екенін украиналықтар да мойындап отыр. Sport.ua порталының жазуынша, бұл кездесуде бәрі Головкиннің дайындығына байланысты болады.

"Сергей бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, бәрін таңғалдыруы мүмкін. Оның көп қаражат табатыны анық - кей мәліметтер бойынша оның гонорары 5 миллион доллардан көп. Ол өзін жақсы жағынан көрсетуі керек. Бірақ мұның жеңіске жетуге жеткілікті болуы Головкин мен оның дайындығына ғана байланысты. Ал мұндай нәрсеге иек артқан кезде, жеңісті күтудің де керегі жоқ. Бірақ күткіміз-ақ келеді", - деп жазды портал.

"Деревянченко Головкинмен бір лигада емес"

Boxingnews24.com порталының жазуынша, Деревянченко үшін Головкинмен жекпе-жек титул жеңіп алуға деген соңғы мүмкіндік.

"IBF Деревянченкоға үшінші рет титул үшін жұдырықтасуға рұқсат берсе, күлкілі болады. Сондықтан ол 5 тамызда Головкиннен жеңілсе, ал оның жеңілуі әбден мүмкін, титул иелену абициясымен қоштаса беруіне болады.

Деревянченко жақсы боксшы, бірақ ол Головкинмен бір лигада  емес. Егер Головкин бір күнде қартайып  кетпесе, украиналықты нокаутқа түсіруі мүмкін", - деп жазды портал.

GGG қарсыласы Сергей Деревянченко жайлы не білеміз?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети