РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 февраля 2021 | 12:51

Мұқағалиді неге "ақиық", "мұзбалақ" ақын дейміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағалидің ақындық шеберлігіне байланысты қайталанбаc, ерекше теңеу берілген. Tengrinews.kz тілшісі солардың әрқайсына тоқталады.


Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағалидің ақындық шеберлігіне байланысты қайталанбаc, ерекше теңеу берілген. Tengrinews.kz тілшісі солардың әрқайсына тоқталады.

Ақынның шын есімі: Мұxаммедқали Сүлейменұлы Мақатай

Ақиық ақын Алматы облысы сол кездегі Нарынқол ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның азан шақырып қойған есімі - Мұхаммедқали. Бірақ туғандары оны Мұқағали деп еркелеткен екен. Ресми құжат бойынша Мұқағали 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. Сондықтан оның туған күні деп осы уақыт атап өтіліп жүр.

Мұқағали - үйдің тұңғышы, әкесі қарапайым шаруа болған. 1941 жылы әкесі Калининград майданында қаза тапқан. Осылайша, 10 жастағы Мұқағали әкесіз қалып, соғыс ауыртпалығын бала кезінен сезінген.

Мұқағали болашақ жарын алғаш көргенде 17 жаста болған. Сөйтіп, ақын махаббаты Лашынмен қосылып, 1949 жылы екеуі отау құрған. Мұқағали мен Лашын өмірге алты бала әкеледі. Бірақ екі үлкен қызы ерте қайтыс болған. Кейін Жұлдыз, Алмагүл, Айбар және Шолпан есімді балалары дүниеге келеді.


Мақатаевтар отбасы, 1960-жылдар. Фото: muqagali.kz

"Менің достарым жоқ". Мұқағали Мақатаев неге өзін жалғыз сезінген?

Қазақтың мұзбалақ ақыны

Ақын Мұқағали Мақатаевты халық арасында "қазақтың мұзбалақ ақыны" деп те атайды. Жалпы мұзбалақ деп бес жастағы бүркітті айтады. 

Жалпы қазақ құсбегілері бүркітті сынына қарай бес түрге бөлген екен. Соның бесінші сыны - бітімі зор, көзі шүңгіл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек, ақиық, жүнінің ұшында ақ бұршағы бар құсты құсбегілер Алтайдың ақиығы деп атайды. Бұл қарлы биік тауларда, әсіресе, Алтай тауында көбірек кездеседі. Мұндай құстар, көбіне қоңыр аңдарға құмар келеді. Тау ешкі, қара құйрық, елік сияқты аңдарды ұстап жейді. Бұл нағыз мұзбалақ қыран. Яғни мұзбалақ сөзі бүркіт пен қыран құсқа байланысты қолданылады.

Мұқағали Қарасаз ауылында. Фото: muqagali.kz

"Мұзбалақтар әсте бір,
Өлексеге түспейді.
Олардікі басқа өмір,
Басқа тірлік істейді.

Самғап күнін өткерер,
Самғамаса, кем болар.
Қорек болса көкте егер,
Қонбас еді жерге олар", - деген Мұқағалидың Бауыржан Момышұлына арналған "Мұзбалақ" поэмасы қапыда қолға түскен еркіндік символы іспеттес қыран құсқа арналады, өзін тұтқындаушының қолынан ас ішкеннен гөрі аш өлгенді артық көрген қыран құстың басындағы жағдайды суреттейді екен. Бұл поэманы халқымыздың біртуар ұлы Момышұлына арнау арқылы ақын өз халқының басындағы жағдайды қапастағы қыран құстың бейнесімен жеткізуге тырысқан екен.

Хан Тәңірінің мұзбалағы

Бұл теңеуді Мұқағалидiң 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында "Парасат" орденінің иегері, ақын Нүсіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, Мұқағалиға ең алғаш "Хан Тәңірінің мұзбалағы" деп теңеу жасаған. Ақын бұл бастаманы халық бірден қолдап, іліп алып кеткендігін ерекше атап өткен.

Қазақ радиосында: (түрегеп тұрғандар) Әнуарбек Байжанбаев және Мұқағали Мақатаев. Фото: muqagali.kz

Ал мұзбалақ сөзінің тағы бір дәл түсінігі - ертеден кешке дейін алысса да жалықпайтын, аңды көргенде өлермендене жанып түсетін, өжеттігі мен қайраты бойында, талабы мен бақыты маңдайына қатар біткен, қырып салар қыран екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети