РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 августа 2019 | 13:50

Ақынның сүйікті бес кітабы - Ғалым Жайлыбаймен "Бірге оқимыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалым Жайлыбай Ғалым Жайлыбай

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта ақын, жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдың сүйікті бес кітабын ұсынамыз.


ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта ақын, жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдың сүйікті бес кітабын ұсынамыз.

Антуан де Сент-Экзюпери - "Маленький принц"

"Маленький принц" - Антуан де Сент-Экзюперидің авторлық суреттерімен жарияланған әйгілі туындысы. Туынды сан алуан тақырыпты жан-жақты қамтыған: достық пен махаббат, адалдық парызы, жақсылық пен жамандық.

"Автордың бұл туындысы "Бәріміз балалық шақтанбыз" деген ойды ұйғартады", - дейді ақын.  

Мұхтар Мағауин - "Сары қазақ"

"Сары қазақ" романында тарихи деректің шындығы бар. Оның кейіпкері - орыс жігіті Станислав. 1911 жылы гимназия бітіріп, Петербург университетінде оқиды. Сонда жүріп революциялық оқиғаларға араласады. Қолға түсіп, жер аударылады. Содан қашып қазақ ортасын, Сыпатай байдың ауылын паналайды. Жайлы орын тапқан Станислав Стамбек атанады. Қазақ қызына үйленіп, "сары қазақ" атанып, қазақ даласында қалып қойған. Бұдан кейін болған революциялық толқулар, ақтар мен қызылдардың алма-кезек ел үстінде қылыш ойнатуы, орыс отаршылдығының қазақ даласын дүркіретуі - бәрі "сары қазақтың" көз алдында өтеді.

Абай шығармашылығы

Қаламгер қазақтың ғұлама ақыны Абай шығармашылығын айтқан кезде оның "Қара сөздерін" ерекше атап өтті. "Қара сөздер" - ақынның көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі. Бұл ұлы ақынның сөз өнеріндегі күшін, философиядағы дүниетанымын көрсететін ерекше шығарма. 

Тынымбай Нұрмағамбетовтің әңгімелер жинағы

Қазақтың жазушысы Тынымбай Нұрмағамбетовтің қай тақырыпқа қалам тартса да кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін, болмысын жан-жақты ашып көрсетуге тырысады. Олардың ой-сезімін, таным-түсінігін суреттеумен бірге қоғамдағы өзекті мәселелерді де қозғаған.

"Заман тынысы болған жазушының әңгіме-повестерінің оқиғалары тартымды, тілі көркем", - дейді ақын.

Несіпбек Дәутайұлы - "Айғыркісі"

Жылқы жөнінде жазбаған қазақ жазушысы кемде-кем. Шығармада "Айғыркісінің" образында жазушы өз болмысын танытқан. 

"Несіпбек Дәутайұлы - қазіргі қазақ прозасында жанрлар үшін жаңаша өріс ашқан жазушы. Оның шығармалары - көркем өнердің тың туындысы. Ал "Айғыркісі" - тың туынды", - дейді ақын.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети