РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 апреля 2018 | 13:04

Сарапшы қазақстандықтардың неге елде құрастырылатын көліктерді жиі таңдай бастағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша сатып алынған көлік құралдарының саны 13,6 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы келтіріп отыр.


Қазақстанда 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша сатып алынған көлік құралдарының саны 13,6 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы келтіріп отыр.

Одақ мәліметінше, биылғы қаңтар-наурыз аралығында әкімшілік полиция органдары 284 649 автокөлік құралын тіркеген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,6 пайызға көп екен. Бұлардың 269 353-і екінші қайтара тіркелсе, 15 296 данасы жаңа көліктер. Сонымен қатар, ең көп көлік Алматы облысы (41 649 дана) және Оңтүстік Қазақстан облысында (41 526 дана) тіркелген, одан кейін Алматы қаласы (32 863 дана) тұр. 

Бұл өсімді "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алфёров былай деп түсіндіреді: "ЖІӨ-нің қаңтар-ақпандағы 4 пайыздық өсімі авторитейлдегі белсенділіктің қалпына келуін қамтамасыз етті. Қазақстандықтардың жаңа жеңіл көлік сатып алудағы шығыны 50 пайызға өсті. Соның ішінде 43 пайыздан астамы қазақстандық автозауыттардың өнімі болып отыр".

Алфёровтің айтуынша, отандық автонарықтағы белсенділікке қазақстандық автозауыттардың 2016-2017 жылдар аралығында өндірілетін автомобиль модельдері тізімін кеңейтуі себеп болған. Екі жылдық кезеңнен кейін алғаш рет өндіріс тұрақты түрде өскен. Сонымен қатар, өсімге себеп ретінде Қазақстанның Даму банкі бөлген жеңілдігі бар автонесиелерді мембағдарламалар арқылы қаржыландырудың үшінші траншының әсерін айтуға болады.  

Ал қазақстандықтар осы кезеңде Lada брендін көп сатып алған. 2018 жылдың қаңтар-ақпанындағы жағдай бойынша, республикада ресейлік марканың 1 692 көлігі сатылған. Ал Toyota модельдерінен 1 453 дана көлік сатылыпты. Үшінші орында 1 003 дана сатылған көлігімен Ravon маркасы келеді. Бестікке Hyundai (742 дана) мен GAZ (354 дана) енген.

"TOP-10 тізіміне KIA (323 дана), Nissan (234 дана), UAZ (164 дана), Volkswagen (163 дана) және Lexus (148 дана) енді", - деп келтірді мәліметтерді Олег Алфёров.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети