ПОДЕЛИТЬСЯ
26 марта 2021 | 12:00
Chevrolet Nexia мен Chevrolet Cobalt: қалай сатып алуға болады?
Қазіргі заманда уақыт тығыз, көп жерде жылдамдық қажет, көп шаруа тындыру керек. Бұл жағдайда адамға автокөлік - таптырмас құрал. Басқа елдер секілді Қазақстанда да пандемия мен тұрақсыз экономика белең алды, сондықтан көлікті қолжетімді сегменттен қарастыру қажет. Олардың қатарында Chevrolet Nexia және Chevrolet Cobalt бар. Бұл көліктерді сатып алудың ең оңтайлы жолдары қандай? Қарастырайық.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазіргі заманда уақыт тығыз, көп жерде жылдамдық қажет, көп шаруа тындыру керек. Бұл жағдайда адамға автокөлік - таптырмас құрал. Басқа елдер секілді Қазақстанда да пандемия мен тұрақсыз экономика белең алды, сондықтан көлікті қолжетімді сегменттен қарастыру қажет. Олардың қатарында Chevrolet Nexia және Chevrolet Cobalt бар. Бұл көліктерді сатып алудың ең оңтайлы жолдары қандай? Қарастырайық.
Chevrolet Nexia - кез келген жастағы адамға ыңғайлы көлік. Классикалық дизайн, қолайлы салон, басқаруға жеңіл - бұл көлікті сатып алғандар Chevrolet Nexia-ны осылай мақтап жатады. Chevrolet Nexia қалаға арналған көлік саналады. Заманауи дизайны арқасында көлік қаланың кез келген жерінде көрікті болады.
Тұманға қарсы шағын фарлар мен хром радиатор торы Chevrolet Nexia дизайнына жарқын әсер етеді. Nexia-ның жарқын көрінуіне алюминий дискілерінің де ықпалы бар.
Chevrolet Nexia - компакт-класстағы ең стильді және қолжетімді автомобильдердің бірі, өзіне тартымды реңі мен кең салоны бар. Ол оңай басқарылады, жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйесі орнатылған.
Бұл көлік ұзақ сапарға да қолайлы, сыйымды жүксалғышы қажеттінің бәрін алуға мүмкіндік береді. Chevrolet Nexia-да қорғаныштың белсенді және пассив заманауи жүйесі қарастырылған, оның ішінде жүргізуші мен жолаушыға арналған екі қауіпсіздік жастығы, балалар орындығын бекітуге арналған ISOFIX бар. Оның үстіне көлікті үнемді (100 шақырымға 8 литр) деп те атауға болады.
Chevrolet Nexia моделі қазақстандық жаңа автомобильдер арасында ең қолжетімді бағаны бекітті. Көлік бағасы 3 990 000 теңгеден басталады. Сондықтан, соңғы уақытта Chevrolet Nexia көп сатылған. Мысалы, былтыр қазанда Chevrolet Nexia көлігінің 814 данасы иесін тапқан. Келесі айда 1004 данасы сатылып, қарашада сатылым көшін бастаған болатын.
Chevrolet Nexia сатылымының артуына жаңа модельдерге алдын-ала тапсырыс қыркүйекте жариялануы, Қостанай конвейерінен бірінші партияның ерте шығуы түрткі болды. Алғашқы автомобильдер келісілген жеткізу мерзімінен 2 ай бұрын, Қазақстан жолдарына қазанның басында жіберілген еді.
Chevrolet Cobalt - күнделікті жүріп-тұруға, қала берді отбасымен алыс жолға шығуға арналған әмбебап көлік. Көлікке бес адам емін-еркін сыяды, ал кең жүксалғышына кез келген затыңызды сыйдыра аласыз. Chevrolet Cobalt көлігіне заманауи қорғаныш жүйесі орнатылған. Мұнда жүргізуші мен жолаушының қорғаныс жастығы, есіктің бұғатталуына қарсы жүйе және балалар орындығын бекітуге арналған ISOFIX бар.
Chevrolet Cobalt жайлылықты, талғампаздықты және жоғары динамикалық қасиеттерді, сонымен бірге дәстүрлі классикалық дизайнды ұсынады. Автокөліктің басты ерекшелігі - кең интерьері, қолайлы бағасы және жанармай тиімділігі. Әр деталіне дейін ойластырылған бұл модель кеңдіктің және қозғаушы динамиканың таңғаларлық үйлесімін ұсынады.
Седан әмбебап көлікке айналған. Оның басқалардан артықшылығы - қолжетімді бағасы мен басқарудағы жеңілдігі. Chevrolet Cobalt параметрі: ұзындығы - 4449 миллиметр, ені - 1735 миллиметр, биіктігі - 1514 миллиметр, дөңгелектерінің арақашықтығы - 2620 миллиметр. Сонымен бірге кауіпсіздігі, кең салоны және қолайлы экстерьері атап өтуге тұрарлық.
Chevrolet Cobalt та - сатылым көрсеткішінде көш бастаған көліктердің бірі. Былтыр жеңіл көліктер арасында Chevrolet Cobalt көбірек сатылды. Қазанда 938 автокөлік иесін тапқан. Қарашада 640 данасы сатылған. Chevrolet Cobalt көлігінің бағасы 4 390 000 теңгеден басталады.
Қазақстан банктерінде бұл көліктерді оңтайлы несиемен немесе бөліп төлеумен сатып алуға болады:
- Грейс кезеңімен бөліп төлеу. Қазақстандықтар автокөліктерді грейс кезеңімен бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Яғни, несие 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бірақ бірінші жылы негізгі қарызға пайыз қосылмайды. Егер клиент бір жыл ішінде осы несиесін жауып тастаса, банкке пайыз төлемейді.
- Ең көп қолданылатын әдеттегі кредит. Мұның көп қолданылу себебі - алғашқы жарна пайызы аз, одан бөлек, қарызды 7 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады, сол кезде ай сайынғы төлем де аз болады.
- 4 пайызбен жеңілдетілген несие. Мұнда отандық өндірістегі машиналар қарастырылады. Соңғы 6 айда зейнетақы төлемдері болуы керек, бастапқы жарна - кем дегенде 10 пайыз.
Қазіргі заманда автокөлік кез келген отбасының айнымас бөлігіне айналған. Жұмысқа барып-қайтуыңызға, балаларды мектепке апаруға, жеке шаруалармен жүруге, зат тасуға таптырмас құрал. Бір жаққа сапар шеккенде де ең алдымен автокөлік қажет. Егер оның жүксалғышы кең, салоны ыңғайлы болса, сапарыңыз есіңізден ұзақ уақыт шыға қоймас.
Көлікке тасымал құралы деп емес, табыс көзі деп те қарауға болады. Әр өңірде таксист болып жүрген жүргізуші көп. Ол үшін көлік жаңа болуы да маңызды. Автокөлігіңіз ескі болса, оны сәт сайын жөндеуге бар табысыңыз кетеді. Сондықтан жаңа көлік алып, уайымсыз жұмыс істеген орынды.
Ал жаңа көлік алғыңыз келсе, оның сапасы мен бағасы сай болуына көз жеткізіңіз. Бұл тұрғыда Chevrolet Nexia мен Chevrolet Cobalt осы талаптарға сай келетінін айта кетейік. Қазіргі нарықта халықтың қалтасын қақпайтын бұл көліктер үй шаруасымен айналысуға, бизнеске, алыс-жақын саяхатқа, сондай-ақ, "Яндекс. Такси" сервисіне де қолайлы. Chevrolet Cobalt қазір "Яндекс. Такси" сервисінің "жайлы" ("комфорт ") көліктер тізіміне жатады, яғни бұл автокөлікпен табысыңыз да көбейеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Партнерский материал
Показать комментарии
Читайте также