ПОДЕЛИТЬСЯ
23 февраля 2021 | 18:00
Chevrolet Cobalt-тың артықшылығы неде?
Автомобиль блогері Олжас Оқас (QazKolesa редакциясы) Chevrolet Cobalt-қа шолу жасап, көліктің артықшылықтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автомобиль блогері Олжас Оқас (QazKolesa редакциясы) Chevrolet Cobalt-қа шолу жасап, көліктің артықшылықтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогердің айтуынша, Chevrolet Cobalt-тың үш негізгі артықшылығы бар:
- Қазақстанда жасалған;
- Қостанайдағы конвеерге қойылған;
- Жеңілдетілген несиемен сатылады.
Көлік сатып аларда клиент қарапайым формаға жүгінеді: көлік қымбат болмауы керек, салоны кең, жүк салғышы ауқымды болуы керек және көліктің ресурсы жоғары болғаны дұрыс. Егер трансмиссиясы автомат болса, модельдің мүмкіндігі арта түседі.
Модельге ең оптимал амортизатор мен серіппе қойылған. 16 клапандық қозғалтқышы 106 ат күшін береді. Бұл эконом кластың алтын стандарты. Көліктің массасы 1243 келі.
Жүксалғыш қақпағының ашылуы электрмеханикалы. Жүксалғыштың көлемі - 560 литр.
Chevrolet Cobalt салоны:
Олжас Оқастың сөзінше, көлік салоны жапониялық көліктерді еске салады. Біріншіден, салонның түсі ерекше: сұр.
"Орындықтары жұмсақ. Қыста жылы, бірақ жазда ыстық. Көліктің ішінде қажет заттарды қоятын қалталар өте көп. Шағын болса да шынтақ тірегіші бар. 12 вольттық адаптер мен үш қалта бар. Саймандар панелі комбинацияланған: сол жағында тахометр, оң жағында цифрлық көрсеткіш, яғни жылдамдық электрон түрде көрсетіледі. Сұйық отын тұтынуы туралы: аралас циклда 8,5-9 литрді көрсетеді. Тасжолда 6-6,5. Бұл 2021 жыл үшін аз емес және көп те емес", - дейді блогер.
Chevrolet Cobalt моторы:
B15D2 моторы беріктілігімен, шыдамдылығымен тұтынушыларды ғана емес, автосарапшыларды да таңғалдырды. Шынжырдың жетегімен жұмыс істейтін үлестіру білігі басты қатырмайды. Бір сөзбен айтқанда DOHC қозғалтқышы сенімді.
"Соңғы жарты жыл бойы Chevrolet Cobalt – бестселлер. Тіпті Chevrolet Nexia-ға дес бермей келеді. Елімізде күн сайын Nexia-ның 30 талы, ал Cobalt-тың 40 данасы сатылып жатыр", - деп түсіндірді шолушы.
Бес сатылы механикамен жүретін Comfort комплектациясы 4 190 000 теңге тұрады. Автоматы бар Optimum комплектациясы 4 890 000 теңгеден басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Партнерский материал
Показать комментарии
Читайте также