ПОДЕЛИТЬСЯ
15 апреля 2021 | 18:00
Аңызға айналған көліктер: тарихы мен бүгіні
Тарих бейнесіне айналып, уақыттың шынайы рухын көрсететін автокөліктер болады. Сол көліктерді зерттеу арқылы дәуірді және сол кезде өмір сүрген адамдарды жақсы түсіне аласыз. Chevrolet "аңызға айналған автоөндірушілер" санатына сәйкес келеді. Материалымызда аңызға айналған брендтің танымал модельдерінің бірі - Chevrolet Malibu мен Chevrolet Tahoe-ның ретроспективасын дайындадық. Олардың қалай өзгергенін және жақсарғанын көрсетеміз - автомобильдің құрылу тарихынан бүгінгі келбетіне дейін айтамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тарих бейнесіне айналып, уақыттың шынайы рухын көрсететін автокөліктер болады. Сол көліктерді зерттеу арқылы дәуірді және сол кезде өмір сүрген адамдарды жақсы түсіне аласыз. Chevrolet "аңызға айналған автоөндірушілер" санатына сәйкес келеді. Материалымызда аңызға айналған брендтің танымал модельдерінің бірі - Chevrolet Malibu мен Chevrolet Tahoe-ның ретроспективасын дайындадық. Олардың қалай өзгергенін және жақсарғанын көрсетеміз - автомобильдің құрылу тарихынан бүгінгі келбетіне дейін айтамыз.
Chevrolet Tahoe-ның бүгінінен бастайық. Қазіргі уақытта Chevrolet-нің Қазақстандағы дилерлік орталықтарында Chevrolet Tahoe-ның бірнеше нұсқасын таңдауға болады. Яғни, Premier жинағынан бөлек LT және LT+ жинақтары да пайда болады. Үш жинақта да 420 аттың күші бар, сондықтан сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 6,8 секундта жетеді. Автокөліктер 8-буындағы автоматтандырылған беріліс қорабы мен толыққанды жетекпен жинақталған.
LT және LT+ жинақтарында қозғалтқышты қашықтан қосуға болады. Тиімділігі жоғары Premium Smooth Ride аспасы, автоматтандырылған бұғаттағыш, круиз-бақылау, автоматты жарық беру, көрінбейтін аймақтарды мониторинг жүйесі және қозғалыс жолағында ұстап тұру, Bose акустикалық жүйесі, R20 дискісі және сол сияқты пайдалы опциялары бар.
Ал Premier жинағында бейімделген Magnetic Ride Control аспасы қолжетімді, алдыңғы орындарда реттеу мен желдеткіш жиынтығы кең, түрлі-түсті проекциялық дисплей, сондай-ақ, екінші қатардағы жолаушыларға арналған ойын-сауық жүйесі орнатылған.
Тарихы
Ал енді бұл көліктердің тарихына оралсақ. Chevrolet компаниясы General Motors концернінің құрамына кіреді. Компания Chevrolet брендімен автокөліктер шығарады. Автокөлік өндірушінің штаб-пәтері Мичиган штаты Детройт қаласындағы Уоррен қалашығында орналасқан.
Chevrolet Motor Company-ді 1911 жылы әйгілі шабандоз Луи Шевроле мен General Motors қожайыны Уильям Дюранд құрған. Сол жылы Chevrolet-нің алғашқы көлігі - Classic-Six пайда болды. Бұл алты цилиндрлі қозғалтқышы, 30 аттың күші бар төрт орынды автомобиль.
Chevrolet - Classic-Six. (1912)
1978
Осы кезден аңызға айналған Chevrolet Malibu моделінің тарихы бастау алады. Бірақ ол кезде бұл атау Chevrolet Chevelle-дің қымбат түріне ғана берілген. 1978 жылы Malibu өз алдына жеке модель болып қалыптасты.
Модель сол кезде-ақ танымал болды, 1973-тен 1983 жылға дейін Nascar сериясындағы жарыстарда кеңінен қолданылды. 1975-1977 жылғы маусымда Кейл Ярборо 20 жарыста жеңіске жетті, сонымен қатар Nascar чемпионатында топ жарды.
1995
Chevrolet Malibu атауы 1997 жылы Chevrolet қатарына оралды. Алайда оған дейін америкалық автоөндіруші аңызға айналған тағы бір автокөлік шығарды, ол талай фильммейкердің жүрегін жаулап алды, бұл - Chevrolet Tahoe. Автокөлік сенімді темір тұлпардың бейнесіне айналды, оның қожайыны тек ерекше адамдар ғана болады деген ой қалыптасты.
1992 жылы Chevrolet Blazer деп аталған көлік үш жылдан кейін Tahoe атауын алды. Сол кезде GMC Yukon деген де атауы болған.
Сол 1995 жылы Chevrolet Tahoe танымал Motor Trend журналының нұсқасы бойынша "Жылдың үздік жол талғамайтын көлігі" атанды.
1997
1997 жылы кеңейтілген дөңгелек базасында Chevrolet Malibu-ls4 жаңа алдыңғы жетекті нұсқасы ұсынылды. Алдыңғы жетекті седан АҚШ-та 2003 жылға дейін шықты.
Chevrolet Malibu 1997–2003
2000
Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігінің екінші буыны 2000 жылы шығарылды. Бұрынғыдай, оның GMC Yukon деген "сыңары" мен ұзартылған нұсқасы - Suburban моделі болды.
Chevrolet Tahoe 2000–2006
2004
2004 жылғы үлгідегі Chevrolet Malibu көлігі Opel Vectra моделінің үшінші буыны негізінде жобаланған. 2006 жылы қуатты Chevrolet Malibu SS таныстырылды.
Chevrolet Malibu SS 2006
2005
2005-2014 жылдар арасында Chevrolet Tahoe түрлі тәжірибеден өтті. Жол талғамайтын көліктің гибрид нұсқасы шықты - алты литрлік жанармайлы "сегіздік" пен екі электрматорлы үлгісі пайда болды.
Chevrolet Tahoe 2005–2014
2008
2008 жылы Chevrolet Malibu-ді GM вице-төрағасы Роберт Лутцтің басшылығымен дизайнер Брайан Несбитт қайта жасады. VII буынында автомобиль алдыңғы буынға қарағанда 76 миллиметрге ұзарды, доңғалақ базасы 152 миллиметрге дейін артты. Интерьер дизайны толығымен қайта жасалды, реттелетін руль дөңгелегі пайда болды, әрлеу материалдарының сапасы жақсарды және аспаптар панелі өзгерді.
Chevrolet Malibu 2008-2012
2012
2012 жылы Chevrolet Malibu жаңа GM Epsilon II платформасында шықты. Жаңа бизнес-седан жаһандық сипатқа ие болды, солтүстікамерикалық нұсқасы мен GM Korea автомобильдерінің орнын басты. Бір уақытта Шанхай мен Нью-Йорктегі автосалонда концепт-кар ретінде ұсынылды. 2012 жылы ол "жылдың еуропалық автокөлігі" атағына ұсынылды.
Chevrolet Malibu 2012–2016
IV буындағы Chevrolet Tahoe
Төртінші буындағы Chevrolet Tahoe күш-қуат пен сенімділік бейнесіне айналды, оның үстіне тартымды көрінеді - қала ішіндегі көп көліктің ішінен мұндай темір тұлпарға көз жүгіртпеу мүмкін емес.
Төртінші буындағы Chevrolet Tahoe - бұл жолдағы нағыз алпауыт, оның ұзындығы 5 181 мм, ені 2 044 мм, биіктігі 1 889 милиметрге жетеді. Автокөліктің дөңгелектер жұптары арасында 2946 мм аралық бар, ал көлік пен жолдың арасы - 200 мм.
2014 жылы U.S. News порталы Chevrolet Tahoe-ны бағасына сапасы сай ең үздік көлік деп бағалаған. Байқауға сол кезде 225 автокөлік қатысқан болатын.
VI буындағы Chevrolet Malibu
Жаңартылған және заманауи Chevrolet Malibu седанының шатыры көлбеу, динамикалық сұлбасы бар. Malibu образын жасаумен айналысатын дизайнерлер көлікке аңызға айналған Camaro-ға ұқсас элементтер қосқан. Сонымен қатар, көлік дизайнындағы иірімдер седанның динамикасын арттырады, бұл автомобильдің кезінде спортта қолданылғанын еске түсіреді.
Америкалық нарыққа жақсы таныс Chevrolet Malibu көптеген қазақстандықты оңтайлы бағаға сатылатын өте ыңғайлы және қуатты автомобиль ретінде ғашық қылды. Айта кетейік, минимал жинағының өзі бәсекелестеріне қарағанда көбірек премиум-опция ұсынады.
Сондай-ақ, бұл көлік мегаполис тұрғындарына да қолайлы.
2007 жылы америкалық CNNMoney басылымы Chevrolet Malibu Hybrid көлігін ең тиімді гибрид автокөліктер тізімінде екінші орынға қойған.
Бұл автокөліктерді төрт пайыздық мөлшерлемемен несиеге немесе бөліп төлеу опциясы бар арнайы ұсыныс арқылы сатып алуға болады. Автомобильдер туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.
Партнерский материал
Показать комментарии
Читайте также