Қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті сәтсіз болды. Файтер карьерасындағы маңызды кездесуде жеңіліп қалды. Бірақ ММА сарапшылары, жанкүйерлер мен шетелдік журналистердің пікірі басқа. Олар Жұмағұловтың бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілмегеніне сенімді. Tengrinews.kz тілшісі Жалғас Жұмағұловтың жеңілісі туралы ММА әлемі не деп жатқанына шолу жасайды.
Қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті сәтсіз болды. Файтер карьерасындағы маңызды кездесуде жеңіліп қалды. Бірақ ММА сарапшылары, жанкүйерлер мен шетелдік журналистердің пікірі басқа. Олар Жұмағұловтың бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілмегеніне сенімді. Tengrinews.kz тілшісі Жалғас Жұмағұловтың жеңілісі туралы ММА әлемі не деп жатқанына шолу жасайды.
"Кешіңіз Жұмағұловтан жақсы өтті деп үміттенемін"
Америкалық For The Win басылымының тілшісі Энди Несбитт Жалғас Жұмағұлов пен Раулиан Пайва кездесуі туралы пікірін жазып, қазақстандық файтер үшін бұл кездесу ауыр болғанын айтты. Себебі кездесу барысында Пайва Жұмағұловтың белінен төмен екі рет ауыр соққы жасаған болатын.
"Бүгін кешке не істеп жатқандарыңызды білмеймін, бірақ жағдайларыңыз Әбу-Дабиде өтіп жатқан UFC 251 турниріндегі Жалғас Жұмағұловтан жақсы деп үміттенемін. Раулиан Пайва үшінші раундта UFC-де дебютін өткізген Жұмағұловтың белінен төмен өте, өте ауыр соққы жасады. Бірнеше секундтан кейін Жұмағұловтың белінен төмен тағы бір соққы жасалып, артынша төрешілер шешімімен ол жеңіліп қалғанда жағдайы тіпті нашарлады", - деп жазды Несбитт.
Twitter желісінде танымал ММА шолушысы айналған Raampagefan420 аккаунты Жұмағұловтың жеңілмегеніне сенімді.
"Жұмағұловтың шешімі өткен түндегі жалғыз "тонау" болды", - деп жазды ол.
The Zhumagulov decision was the only "robbery " last night #UFC251
— Raampagefan420 (@ERICWIL04561815) July 12, 2020
"Жалғас сөзсіз жеңді"
Жұмағұлов - Пайва кездесуі біткен соң көп жанкүйер желіде нәтиженің әділетсіз болғанын жазып жатыр. UFC-дің Ресейдегі Instagram-парақшасы да төрешілер шешіміне күмәнмен қарағанға ұқсайды.
"Өкінішке қарай, Жалғас Жұмағұлов тартысты, жақын кездесуде жеңіліп қалды. Шешіммен келісесіздер ме?", - деп жазылған ресми UFC Russia парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл сұраққа жауап бергендер қатарында UFC файтері өзбекстандық Заррух Адашев те болды. Ол төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты.
"Жоқ! Жалғас сөзсіз жеңді", - деп жазды ол.
"Түсініксіз шешім"
Қазақстандық ММА мамандары да шешіммен келіспейді. Мысалы, сарапшы Айдар Махметов кездесудің нәтижесі түсініксіз екенін жазған.
"Өкінішке қарай, Жалғас Жұмағұлов дебютті жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Көбінің пікірі бойынша, Жалғас жеңіске лайық болды. Түсініксіз шешім", - деді Махмедов Telegram-каналында.
Ал файтер Қуат Хамитов төрешілер шешіміне қарамастан, Жұмағұловтың болашақта UFC чемпионы болатынына кәміл сенімді.
"Әлі де Жалғастың UFC чемпионы болатынына күмәнім жоқ. бұл уақыт еншісінде. Шайқаста жеңілгенімізбен, соғыста жеңілмедік! Төрешілер, "тарақандар", елдер қарсы болса да, соңына дейін барамыз. Сенімен біргеміз, чемпион!", - деп жазды "Найман" Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЯ все еще не сомневаюсь, что @zhumagulov_zhalgas станет чемпионом UFC. Это вопрос времени. Мы проиграли битву, но не войну! Против нас могут быть судьи, тараканы, страны, но мы пойдём до конца! Мы с тобой чемп!??✊?
"UFC командасы Жалғас жеңді деп санайды"
UFC өкілдері мен матчмейкерлер де Жалғастың жеңгенін мәлімдеген. Бұл туралы Жұмағұловтың менеджері Серік Әбдірахманов айтты.
Менеджердің сөзінше, бұл жеңіліс Жұмағұловтың ұйымдағы жағдайына әсер етпейді екен.
"Төрешілердің шешімімен келіспейміз. Жалғас екінші және үшінші раундта жеңді деп санаймыз. Егер қарсылас салмақ түсірмегенін және ереже бұзғанын ескерсек, төрешілер Жалғасты таңдауы керек еді, бірақ олар жекпе-жекті басқаша қарады.
Өкінішке қарай, төрешілердің қате шешімдері - ММА-дің бір бөлігі, сондықтан оларды айналып өту мүмкін емес. Ең бастысы, UFC командасы мен матчмейкер Жалғас жеңді деп санайды, сондықтан бұл нәтиже оның ұйымдағы жағдайына әсер етпейді", - деді Әбдірахманов.
"Белден төмен соққыларым қорқынышты болмады"
Ал бұл кездесу туралы Жұмағұлов пен Пайва не дейді? Жалғас қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтып, октагонға бұдан да мықты болып оралатынын мәлімдеді.
"Қолдау көрсетіп, жанкүйер болғандарыңызға рақмет. Ештеңе етпейді. Бұдан да мықты болып ораламыз. Мұндай қиын сәтті бүгін елімді қуанта алмадым. Бірақ алдағы уақытта қуантамын. Барлығыңзға рақмет. Бұдан да мықты боламыз", - деді Жұмағұлов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Пайва кездесуден кейінгі бразилиялық файтер Жұмағұловты "Ол орыс файтері" деп атады. Бірақ қасында отырған аудармашы Жұмағұловтың қазақстандық файтер екенін еске салды.
Сондай-ақ, Пайва Жұмағұловтың белінен төмен қатты теппегенін, қазақстандық файтердің өтірік ауырсынғанын мәлімдеді.
"Бұл эпизодтар соншалықты айқын болды және оған үлкен зиян келтірді деп ойламаймын. Мен көзінен ұрғанымды сезбедім және белден төмен соққылар да қорқынышты болмады, бірақ ол мұның өте ауыр болғанын көрсеткісі келді. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймын, бірақ мен ол айтқандай жаман болды деп ойламаймын. Ол сәл асырып жіберді. Мен тек уақытты босқа өткізгеніме өкінемін. Бірақ үшінші раундта оның өзін өте жақсы сезінетінін көрдіңіз - маған қарай ұшып, тейкдаун жасауға тырысты", - деді бразилиялық.