Қазақстандық файтер Арман Әшімов Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Ол жүргізушілермен әңгіме барысында отбасындағы қарым-қатынас, тоқал алу мәселесі, хейтерлер мен UFC келісімшарты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арман екі жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Оған не себеп болғанын айтты.
"Кейінгі екі жылда үйде жаттық. Жекпе-жек болмады. Дым қызық жоқ. Былтыр карантин болды. Анда-санда қалаға шығып қоямын, қалған уақытта үйде болдым. Биыл Шымкентте жекпе-жек өткізуім керек еді, қолымды жарақаттап алуыма байланысты шыға алмадым. Енді биыл 3 қазанда кездесу өткіземін", - деді ол.
Сонымен қатар, спортшы UFC-мен келісімшартқа отырғанын, енді жекпе-жек күтіп жүргенін айтты.
"Бәрі өз уақытымен келеді. 2015-2016 жылдары досым "Арман, сен шет елде төбелесетін жігітсің ғой" дейтін. Асықпай, күтейік дедім. Алланың қалауымен, 2017 жылы M-1 Global-мен келісімшарт жасастық. Қазір UFC-мен келісімшартқа отырдық, бірақ жекпе-жек жоқ", - деді Әшімов.
Сондай-ақ, ол жарымен қарым-қатынасы туралы, енді тоқал алуға дайындалып жүргенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек болған еді.