РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 ноября 2020 | 14:13

"Мен қазақпын". "Қазақстанда бәрі сатылады" деген волейболшы туралы не белгілі? 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook/Alesya Safronova Фото: Facebook/Alesya Safronova

Соңғы бірнеше күнде Қазақстанда волейбол қызу талқыланып жатыр. Бұған волейболшы Алеся Сафронованың тікелей эфирде "Қазақстанда бәрі сатылады" деген мәлімдемесі себеп болды. Бұл сөзінен кейін федерация волейболшыны тур соңына дейін шеттеткен еді.


Соңғы бірнеше күнде Қазақстанда волейбол қызу талқыланып жатыр. Бұған волейболшы Алеся Сафронованың тікелей эфирде "Қазақстанда бәрі сатылады" деген мәлімдемесі себеп болды. Бұл сөзінен кейін федерация волейболшыны тур соңына дейін шеттеткен еді.

Алеся Сафронова туралы желіде мәлімет аз. Tengrinews.kz тілшісі волейболшы туралы мәліметтер жинады.

"Алғашқы жалақым 150 доллар болды"

Алеся Сафронова 1986 жылы 10 ақпанда Украинадағы Запорожье қаласында туған. Ол отбасындағы алғашқы волейболшы емес. Әпкесі Инна Колесник КСРО-ға танымал волейболшы болған. Сафронова әпкесінің ізін жалғап, 7 жасында волейбол үйірмесіне барған.

Ал үшінші сыныпта оқып жүргенде болашақта волейболшы болатынын түсінген екен.

"Сол кезде мен тек волейболды армандайтынмын. Мектеп мүлдем қызықтырмады, сондықтан әкем маған үнемі ұрысатын. Ол тіпті жақсы оқымасам және институт бітірмесем, мені волейболсыз қалдырамын деп қорқытты. Автобуста үй тапсырмаларын орындап, жаттығу залына жүгіретінмін. Әкем тағы да ұрыспасын деп, мұғалімдермен келісіп алатынмын", - деп еске алады Алеся Vksport.kz сайтына берген сұхбатында.

Сафронова 15 жасында туған қаласындағы командада ойнаған. Кейін Украина чемпионы черкассалық "Круг" клубына ауысқан. Өзінің айтуынша, оның кәсіпқой карьерасы сол кезде басталған.

"Алғашқы жалақым 150 доллар болды. Украина чемпионы және ел кубогының иегері "Круг" командасында ойнадым. Жалақыдан бөлек, клуб менің оқу ақымды төледі - психологиялық білім алдым. Жалақымды өзіме, киімге жұмсадым, сұлулық салонына бардым және т.б. Басқа не істеймін? Клуб пәтер ақысын төлеп отырды", - дейді волейболшы.

"Украинадан қашып кеттім"

Сафронова "Круг" сапында 5-6 жыл ойнап, ел чемпионы атанып, еурокубоктарға қатысқан соң 2007 жылы Қазақстанға көшіп келді.

"Отбасым мен балам пайда болды, ақша табу керек болды. Украинада демеушілер жағдайы қиын. Сол сәтте маған Қазақстаннан хабарласты. Алматылық "Рахат" пен Қазақстан құрамасында ойнағанымды қалады. Мен ол кезде Қазақстанда жақсы волейбол болмағанын білдім. Басында бас тарттым, бірақ ұлттық құрамада ойнау мүмкіндігі ойландырды. Сонымен қатар, маған ешкім тек Қазақстанда ойнайсың деп шарт қоймады. Мен Еуропада ойнап, ұлттық құрамаға келуіме болатын еді. Украина мұндай ерік берген жоқ - біз тек өз елімізде ойнауымыз керек еді", - дейді волейболшы.

Осылайша, Алеся Сафронова Қазақстанға көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған.

"Мен Украинадан кетпедім, қаштым! Кезекті маусым аяқталды, мен баламды алып, тып-тыныш кетіп қалдым. Содан кейін бапкеріме хабарласып, Черкассада емес, Қазақстанда екенімді айттым. Бапкер басында ренжіді, бірақ кейін түсінді. Осылайша, 2007 жылы Қазақстанға келіп, азаматтығымды ауыстырдым. Бірден Польшаға кетпек едім, бірақ бір маусым ел чемпионатында ойнауға мәжбүр болдым. Осы сәтте халықаралық федерация ойыншы жергілікті чемпионатта кем дегенде бір маусым ойнаған жағдайда азаматтық ауыстыра алады деген талап қойды. Сөйтіп, "Рахатта" қалдым", - дейді волейболшы Vksport.kz сайтына берген сұхбатында.

Ол ең алғаш келген сәтте қазақстандық волейболдың қандай жағдайда болғанын айтты. Оның сөзінше, ол кезде Қазақстан чемпионатында төрт команда ғана болған, ал ең мықтысы - "Рахат". Сондықтан волейболшыға Қазақстан біріншілігінде ойнау қызық болмаған. Қазақстаннан Еуропаға кете алмай қаламын деп қорыққан екен.

"Шынымды айтсам, мен көп жыладым. Өйткені Украинада бұл ойынға кәсіби түрде қарайтын, тәжірибелі жаттықтырушылар болған. Ал мұнда ойыншылар мен басшылықтың қарым-қатынасы волейболды "енді бастағандай" болды. Мен карьерам баяулап қала ма деп қатты қорықтым. Жалпы, бір жыл бойы жылап шықтым. Мені Еуропа ұмытып кетеді деп қорықтым", - дейді Алеся.

"Қазақпын дедім"

Қазақстан құрамасының ойыншысы атанған ол ел чемпионатында бір жыл ойнап, Ресей Суперлигасына ауысқан. Жаңа клубына жаңа бапкер келген кезде ол украиналықтарды жек көрген екен.

"Жаңа бапкердің ұстанымы қызық болды. Ол украиндарды жақтырмады, ал менің Запорожьеде туғанымды білгенде, қиындықтарға тап болдым. Ол менен: "Сен украинсың ба?" деп сұрады. "Жоқ, мен қазақпын" дедім. Бірақ оған менің азаматтық ауыстыруым маңызды емес еді", - дейді Сафронова.

Осы оқиғадан соң қазақстандық волейболшы Түркия чемпионатына ауысып, 7 жыл бойы анкаралық "Иллер Банк" намысын қорғаған. Бұл кезеңде ол екінші баласын дүниеге әкелген. Жары волейбол бапкері болып жұмыс істейді. Түркияда бір клубта жұмыс істеген.

Араға бірнеше жыл салып Сафронова Қазақстанға оралды. 2015 жылы жарымен бірге "Алтай" командасына ауысты. Ал қазір талдықорғандық "Жетісудың"капитаны.

Волейбол жаңалықтары қазақстандықтар үшін әдеттегідей тасада қалып қоюы мүмкін еді. 12 қарашада чемпионат көшбасшылары "Жетісу" мен "Алтай" кездескен. Матч 1:3 есебімен "Алтайдың" пайдасына бітті. Бірақ бәрінің талқылағаны - матч нәтижесі емес, Сафронованың сөзі. Ол тайм-аут кезінде телеарнаның тікелей эфирінде "Қазақстанда бәрі сатылады" деген.

Артынша, елдің волейбол федерациясы Сафронованы тур соңына дейін шеттеткен. Ал кеше ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин волейболшыға қолдау көрсеткен болатын. Ол Сафронованы тек 1-2 ойыннан шеттетуге шақырған. Әзірше, федерация жазасын өзгерткен жоқ.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети