17 сентября 2021 | 20:35

"Жоғалып кетеміз" - Илья Ильин 25 жасында қайтыс болған Альберт Линдер туралы

Альберт Линдер. Фото wfrk.kz сайтынан

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Спортшы 25 жасында дүниеден өтті. Vesti.kz мәліметінше, Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі аз ғана ғұмыр кешсе де, ел абыройын халықаралық аренада қорғаған спортшымыз туралы материал дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Спортшы 25 жасында дүниеден өтті. Vesti.kz мәліметінше, Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі аз ғана ғұмыр кешсе де, ел абыройын халықаралық аренада қорғаған спортшымыз туралы материал дайындады.

Жас дарын

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорғанда туған. Бауыры Семен Линдер екеуі ауыр атлетикаға қызыққан.

Реклама
Реклама

Линдер Қазақстандағы таланатты ауыратлеттердің бірі болды. 2003 жылы жанкүйерлердің көзіне түсе бастады. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Сол жылы Баку халықаралық кубогында топ жарған. 


Фото: almaty2014iwf.com

Сондықтан, Линдер 17 жасында алғаш рет 2013 жылы өткен әлем чемпионатына қатысты. Вроцлав қаласында өткен додада ол 16-орынды місе тұтты. 

Ал 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында да бақ сынасты. Бұл жолы нәтижесі жақсырақ болды, 10-орын алды. Сол жылы Қазанда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына да қатысқан. Онда үшінші орын алған болатын. 


Фото: almaty2014iwf.com

21 жасында Азия чемпионы атанды

Алматыдағы жарыстан кейін Линдерді үлкен жарыстардан жоғалтып алдық. Тек 2016 жылы ол Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Ал 2017 жылы Линдердің карьерасындағы ең үлкен жетістіктер тіркелді. 

Алдымен Түрікменстанда өткен Азия чемпионатына қатысты. Екі жаттығу қорыдындысы бойынша 335 келіні еңсерген отандасымыз Азия чемпионатында топ жарды. Сол кезде Солтүстік Корея мен Қытай спортшыларын артта қалдырған еді. 

"Бір нәрсені айтайын - әлі де күшім барын сездім. Егер күрес қажет болғанда, одан да ауыр зілтемірді көтерер едім", - деген еді сол кезде Линдер. 

Нәтижесінде Линдер Азия чемпионатының үздік ауыратлеті атанған. 

Сол 2017 жылы Линдер ел намысын Тайбэйдегі жазғы Универсиадада да қорғаған. Сол жарыста 333 келіні көтеріп, Универсиада рекордын орнатқан. 


Ashgabat2017.com сайтынан

Бүгін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин әріптесі Линдер туралы жазба жариялады. 

Қазақстандық ауыр атлетика отбасы үшін ауыр жағдай. Альберт талантты, жақсы, мықты жігітіміз еді. Зілтемірді жақсы көтеретін, бірақ бір сәтте спорттан кетіп қалды. Психологиялық тұрғыда жарақаты барын түсіндік. Физикалық қана емес, психологиялық жарақаттар да болатынын білеміз. Амал не, оған әліміз келмей жатыр. Елімізде спорттағы медицина қазіргі деңгейге сай келмейді, сондықтан жоғалып кетеміз. Карьерамыздан кейін ешкімге керек болмай қаламыз", - деді ол. 

 Сондықтан, Ильин карьерасын аяқтаған спортшыларға да көңіл бөлуге шақырды. 

Карьерасын ерте аяқтады

Дәл қазір 25 жастағы Альберт құрамада атой салып жүрер кезі еді. Бірақ карьерасын ерте аяқтады. Әйтпесе, бүгінде халықаралық аренадағы басты үмітімізге айналар ма еді? Талай әлем рекордын көрер ме едік? Бірақ спортшы 2018 жылы ауыр атлетикадан кетті. 

"Альберт еңбек, тәртіп пен өз ісіне деген махаббаттың арқасында үлкен жетістіктерге жетудің үлгісі болды", - дейді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарламасында. 

Енді сол үшін өкініш білдіріп, ол туралы тек өткен шақта айта аламыз. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram