Токио Олимпиадасында тарихи оқиғалар тіркеліп жатыр. Кеше 1912 жылдан бері алғаш рет бір "алтынды" екі спортшы бөліп алды. Tengrinews.kz тілшісі биылғы Олимпиадада алғаш рет болған оқиғалар туралы баяндайды.
Токио Олимпиадасында тарихи оқиғалар тіркеліп жатыр. Кеше 1912 жылдан бері алғаш рет бір "алтынды" екі спортшы бөліп алды. Tengrinews.kz тілшісі биылғы Олимпиадада алғаш рет болған оқиғалар туралы баяндайды.
Бір алтын медальді екі спортшы бөлісті
Кеше катарлық Мутаз Эсса Баршим Токиода ерлер арасында биікке секіруден алтын медаль иеленді. Бірақ ол ұйымдастырушылардан алтын жүлдені досы италиялық Джанмарко Тамберимен бөлісуді сұраған.
Себебі екі спортшы да 2,37 метрге секірген, жасаған мүмкіндігі де бірдей болған. Нәтижесінде алтын медаль Баршимге де, Тамбериге де берілді.
Qatar's Mutaz Essa Barshim added a coveted Olympic gold to his list of accolades in the men's high jump in Tokyo on Sunday, but he had to share the medal with Gianmarco Tamberi of Italy after both men ended with jumps of 2.37 metres. https://t.co/3bMYhC9EBK
— Reuters Sports (@ReutersSports) August 1, 2021
"Менің жақын достарымның бірі, тректе ғана емес, одан тыс кезде де. Біз бірге жұмыс істейміз. Бұл орындалған арман. Нағыз рух, спортшы рухы, осы үндеуді жеткізу үшін келдік", - деді Баршим.
History made ?
— George Orfanakis (@G_Orfan) August 1, 2021
Gold medal for both Mutaz Essa Barshim and Gianmarco Tamberi after the two athletes agree on it!#Olympics #athletics #TokyoOlympics2021 pic.twitter.com/zpWXVmsuiw
Бір "алтынды" екі спортшы бөлісуі жиі бола бермейді. Мұндай жағдай жеңіл атлетикада кейінгі рет 1912 жылғы Олимпиадада болыпты.
30 жылда алғаш рет жүгіруден еуропалық спортшы топ жарды
Жүгіруден ямайкалық спортшылар алдына жан салмайды, Усейн Болттың өзі бірнеше мәрте Олимпиада чемпионы атанып, әлем рекордтарын қойған. 100 метрге жүгіруден Олимпиадада АҚШ, Ямайка және Канада спортшылары үздік.
Сондықтан болар, бұл жарыста еуропалықтар мен азиялықтарға жүлде көп бұйыра бермейді. Бірақ Токиода бұл үрдіске нүкте қойылды. Кеше 100 метрге жүгіруде италиялық Ламонт Джейкобс алтын медаль иеленді. Ол 100 метрді 9,80 секундта жүгіріп өтіп, Еуропа рекордын қойды.
Ламонт Джейкобс. Фото championat.com сайтынан
Екінші орынды америкалық Фред Кирли иеленсе, қола жүлде канадалық Андре Де Грассқа бұйырды.
100 метрге жүгіруде еуропалық спортшы топ жармағанына 30 жылға жуықтапты. Кейінгі рет 1992 жылы Барселона Олимпиадасында ұлыбританиялық Линфорд Кристи "алтын" иеленген.
АҚШ 50 жылда алғаш рет бірінші күнде жүлдесіз қалды
АҚШ құрамасы Олимпиадада қашан да фаворит болатын, күн сайын қоржынына медаль салады. Бірақ Токиода, 49 жылда алғаш рет олай болмады. Олимпиаданың алғашқы күні америкалықтар медаль иелене алмады.
USA Today мәліметінше, Токио Олимпиадасының алғашқы күні 11 жарыстан медальдар сарапқа салынды, америкалықтар оның біреуінде де үздік үштікке ене алмаған.
Фото: Reuters
Олимпиаданың алғашқы күні америкалықтар медаль жеңбеуі осыдан жарты ғасыр бұрын болған. 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадада да АҚШ алғашқы сайыс күнін сәтсіз өткізген.
Бірақ АҚШ құрамасы есесін қайтарып алды. Бүгінде 60 медаль иеленіп, командалық есепте екінші орында тұр.
АҚШ 101 жылда алғаш рет теннистен жүлде ала алмады
АҚШ туралы сөз қозғаған соң америкалықтардың тағы бір антирекордын айта кетейік. Биыл бұл елдің теннисшілері Токиодан жүлдесіз қайтты. Финалда ерлер арасындағы жұптық сында өнер көрсеткен Остин Крайчек пен Теннис Сандгрен қола медаль үшін тартысқан, бірақ олар да жеңіліп қалды.
Остин Крайчек пен Теннис Сандгрен. Фото: Reuters
Осылайша, америкалық теннисшілер 101 жылда алғаш рет Олимпиададан жүлдесіз қайтады. Олимпиадада теннис жарысы 1896 мен 1924 жылдар арасында болып, кейін 1988 жылы ол Олимпиада бағдарламасына оралған. 1920 жылдан бері америкалықтар теннистен жүлдесіз қайтпаған еді.
Сан-Марино алғаш рет медаль алды
Олимпиада тарихында медаль алып көрмеген елдер бар. Көбіне - шағын мемлекеттер. Солардың бірі - халық саны 33 мыңнан сәл асатын Сан-Марино құрамасы таяуда Олимпиадада алғаш рет жүлде иеленді.
Стендке атудан сынға түскен Алессандра Перилли "трап" жарысында 29 ұпай жинап, қола медаль иеленген. Бұл ел тарихындағы алғашқы жүлде болды. Сондықтан спортшы көз жасына ерік беріп, қола жүлдені алтындай қабылдады.
Алессандра Перилли. Фото: Reuters
Көп күттірмей Сан-Марино тағы бір медалін жеңіп алды, бұл жолы - "күміс". Стендке атудан Алессандра Перилли мен Жан Марко Берти командалық жарыста екінші орын алды.
Осылайша, Сан-Марино Олимпиадада жүлде алған халық саны ең аз мемлекет атанды.
Олимпиадаға алғаш енген спорт түрлері
Биылғы Олимпиадада жаңа спорт түрлері бар. Бірден төрт түрлі спорт қосылды. Алғаш рет Олимпиадада карате, скейтбординг, серфинг және құзға өрмелеу спорттары бойынша жарыстар өтіп жатыр.
Айтпақшы, скейтбординг жарысында 13 жастағы жапон Момиджи Нисия топ жарған болатын. Ол Олимпиада алтын медалін иеленген ең жас спортшылар қатарына енді.
Момиджи Нисия. Фото: Reuters
Олимпиада бағдарламасының кеңеюі осындай жетістіктерге әкелді. Бірақ бұл тек Токио Олимпиадасына енген спорттар. Кейінгі Олимпиада ойындарында сайыс бағдарламасы бұрынғы формат бойынша құрылады.
Сонымен қатар, 2012 жылдан бері бейсбол мен софтбол да Олимпиада бағдарламасына қайта қосылды.
Уақыты шегерілген алғашқы Олимпиада
Биылғы Олимпиада басталмай жатып бірнеше дерек бойынша бірінші атанып отыр. Мысалы, бұл алғаш рет мерзімі шегерілген Олимпиада болды. Себебі бұған дейін төтенше жағдай болса, Олимпиада мүлде өтпей қалатын. 1916, 1940 пен 1944 жылдары Олимпиада ұйымдастырылған жоқ. Бұған сол кездері басталған дүниежүзілік соғыс себеп.
Сонымен қатар, бұрын Олимпиада тек жұп санға келетін жылдары өтетін. Ал биыл алғаш рет тақ санмен бітетін жылда өтіп жатыр.
Алғаш рет болған тағы бір жайт - көрермендер. Яғни, көрермендер болмауы. 1894 жылғы алғашқы ойындардан бері Олимпиада көрерменсіз өтпеген. Ал биыл пандемияға байланысты ойындарға көрермендер жіберілмеді.
Фото: Reuters
Еске салайық, бүгінде Олимпиаданың оныншы сайыс күні өтіп жатыр. Қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Бұған дейін Олимпиаданың алғашқы аптасы қалай өткенін жазған едік.
Токиоға баратын ең жас қазақстандық спортшы кім? Тест